Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР «СЫБАҒАДАН» ӨЗ НЕСІБЕСІН ТАУЫП ОТЫР

25 августа, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР «СЫБАҒАДАН» ӨЗ НЕСІБЕСІН ТАУЫП ОТЫР
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылының тұрғыны Е.Төлепбеков мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен жеке шаруашылығын ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Ол жеңілдетілген несие алып, оған 75 бас ірі қара малын сатып алған. Кәсіпкердің алдына қойып отырған мақсаты – ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып, шетелдерге өзі өндірген өнімді экспорттау.
Ауданда аталған бағдарламағаның шарапатын көріп отырғандар аз емес. Мәселен, былтырдың өзінде 10-нан астам шаруа қожалығы осындай жолмен мал басын көбейтіп, өңірімізді ғана емес, өзге облыстарды да етпен қамтып келеді. Шаруашылықтың осы бағытына қолдау білдіру мақсатында ауданда ет өңдейтін кешенмен, сүт фермасы салынған. Алдағы уақытта мұндай өндіріс орындарының қатары артатын болады.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 70 млн. теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Тек ет бағытындағы шаруашылыққа берілетін қаржыны 4 пайыздық үстемемен 15 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында ҚР-ның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл ірі қара мал басы санын 265-ке жеткізу керек болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 299-ға жетіп, жоспар 112,8 пайызға орындалған.

 

Алдыңғы жаңалық

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТІП-БАПТАУ ҮШІН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ЖОБАСЫ ЖАҢАША ФОРМАТТА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі