Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН

25 августа, 2020
in Билік, Жаңалықтар, Қоғам
0
ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қоғамда темірдей тәртіпке бағынып, ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген нәзік жанды арулар көп. Қиын қызметті күні-түні атқарып жүрген әйелдер қауымы қоғамдық тыныштықты сақтауда өзіндік қолтаңбасын қалдырып келеді.
Отырарлық Айнұр Төлеуова да ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқанына 10 жылдан астам уақыт болған. Осы жылдар ішінде өзінің жұмысқа деген жоғары жауапкершілігін көрсетіп, білікті де, білімді маман екендігін дәлелдеді.
Айнұр Мұсабекқызы Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Жергілікті жердегі мектепте білім алған соң, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқуға түседі. «Заңгер» мамандығын меңгеріп, біліктілігі жоғары маман атанады. Ал, еңбек жолын 2003 жылы Отырар АПБ «бағдарламашы» болып бастаған. Кейіннен әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы қызметін атқарды. Ал, қазір штаб тобында аға инспектор. Білікті маман министрлік тарапынан келген нұсқаулар мен шешімдердің орындалуын бақылап отырады.
— Мен мамандығымды өте қатты жақсы көремін. Таңертең тұрғаннан жұмысқа келуге асығып тұрамыз. Мұндағы ұжымда өз үйімдей болып кеткен. Бір отбасының балаларындай ғұмыр кешіп жатырмыз. Ал, жұмыстан соң, отбасымызға асығып тұрамыз. Осындай деңгейге жеткізген әке-шешемізге, ата- енемізге рахмет айтамын – дейді ол.
Бүгінде Айнұр полиция майоры. Бұдан алдын әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы болған тұста отбасылық кикілжіңдерді алдын алуға көп ұйытқы болған. Нәзік жандылардың құқығын қорғап, көмектескен.
— Өкінішке орай, әлемде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның басты себебін маскүнемдік, жұмыссыздық, тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар құрайды. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Отбасында әйелдерге былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты істер саны азаймай отыр. Қанша қысым көріп, моральдық зардап шексе де әйел-ана кешіріммен қарап, отбасының бірлігін ойлайды. Ұят пен ар-намысты ойлап, «Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» қалады – дейді аға инспектор.
Айнұр Төлеуова көп балалы ана. Жолдасы Арман өрт сөндіру саласында қызмет атқарады. Қазіргі таңда үш ұл, екі қызды тәрбиелеуде. Балалары да шен таққан ата-анасын үлгі тұтады. Анасы да бос уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Тәлім тәрбие беріп, сабақ оқытады. Домбыра үйретіп, ұлттық өнерге баулиды.
— Бала кезімізден домбыра тартып өстім. Қазір бірнеше күй білемін. Ішінде ең жақсы көретінім «Көңіл толқыны» күйі. Бар білгенімді балаларыма үйретудемін – дейді полиция майоры.

Алдыңғы жаңалық

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ШЕНДІ АРУ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН 4 БІРДЕЙ ШАРУАШЫЛЫҚ АЙНАЛЫСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі