Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер жүктейдi

1 сентября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер жүктейдi
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын 2020-жылы 1-қыркүйекте жария етті.

Аса маңызды саяси құжат Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында қалың жұртшылыққа жол тартты.

Жолдау тақырыбы айтып тұрғандай, мемлекетіміз алдағы уақытта жаңа жағдайларға бейімделу және соған сәйкес іс-қимыл шараларын ұйымдастыру бағытында кезек күттірмес, шұғыл жұмыстарды атқаруы қажет. Сәйкесінше Жолдауда көзделген тапсырмалар тиісті мемлекеттік органдарға, жауапты құзырлы мекемелерге нақтылана отырып, маңызды міндеттері ретінде жүктелді. Экономикалық саясат пен даму кезеңдері бойынша Президент «Жаңа экономикалық бағыты негізгі жеті қағидадан тұруы тиіс» екендігін атап өтті. Аталған қағидаларда табыс пен міндеттердің әділ бөлінуі, жеке кәсіпкерлік рөлі, нарықта таза бәсекелестік орнауы, технологиялық тиімділіктің артуы, адам капиталына инвестиция салу, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономиканы пайдалану және қоғам алдындағы мемлекет жауапкершілігі сынды басты бағдарлар ерекше мағынада айтылып өтті.

Сонымен қатар бұл қағидалар Жолдау жүктеген негізгі міндеттердің қорытындысы ретінде анық та нақты көрініс тапты. Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауда мемлекет өмірі мен оның болашақ дамуы жолында саясат, экономика тағы басқа көптеген салалар бойынша бүге-шүгесіне дейін толық тоқтала отырып, жаңа жағдайдағы мемлекетті толыққанды сипаттап берді.

2020-жылғы Жолдауды оқи отырып, Тәуелсіз Мемлекетіміздің алдағы уақыттарда дүниежүзілік өркениет кеңістігіне бойлай енуі үшін алғашқы кезекте жаңа жағдайға бейімделуі қажет екендігіне толық көз жеткіздім. Мемлекетіміздің Конституциясында анық көрсетілген биліктің негізгі үш тармағы, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бүгінгі Жолдау талаптарына сәйкес бұдан былай жаңаша ұстаным, жаңа бағыт бойынша жұмыстарын үйлестіреді деген ойдамын. Аталған жұмыстар алдағы күндер еншісінде дегенімізбен, дәл қазір шұғыл орындалуы тиіс міндеттер де айқындалып үлгерді.

2020-жылғы саяси мәні өте зор құжатта еліміздің бүгінгі мен ертеңі және баянды болашағы түгелдей, қамтылған. Ал ендігі кезекте Жолдау жүктелген міндеттерді толығымен, сапалы деңгейде орындау. Бұл істе тек қана мемлекеттік органдарға салмақ салып қою әсте дұрыс емес. Жолдау міндеттері қалың көпшілік арқылы жүзеге асады, нәтижесі белгілі болады. Сондықтанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауын қалың көпшілік, тұтас қазақстандықтар қолдап, қуаттауы тиіс. Еселі еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагерлер бұл бағытта алдыңғы лекте жүреді деген сенімдемін. Жолдауды қолдайық ағайын!

Т.Бердібеков. Шардара аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасы, ауданның Құрметті азаматы.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРАЛЫК ПIКIР

Келесі жаңалық

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі