Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

2 сентября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен аптада облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жалпы ұзындығы 221 км құрайтын республикалық маңызы бар А-15 жолымен жүріп, жөндеу жұмыстарының сапасын қатты сынға алды және атқарылған жұмыстардан мүлдем көңілі толмады. Өйткені, аталған жолдар бойында жалпы 700 мыңға жуық халық тұрады және бұл жолдар оларға өте ыңғайсыз.
Сондықтан, бүгін Автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары Абдуллин Т. басшылығындағы жұмыс тобы және жөндеу жұмыстарын тапсырыс беруші “Казавтожол” ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Смағұлов Т. мен бірге Жетісай ауданына дәл осы жол арқылы барып, жөндеу жұмыстарымен таныстық.

Қазіргі жол жағдайы ыңғайсыз, республикалық маңызы бар жолдың техникалық жағдайы қанағатсыз екеніне, сондай-ақ жөндеу барысы графиктен артта қалып қойғандығына көзіміз жетіп, тез арада бұл жағдайды реттеуге кірісіп кеттік.

Ең бірінші, жұмыс барысын жүйелендіру мақсатында жолдарды жөндеу бойынша жол картасын әзірледік, алдағы уақытта барлық мәселелер тұрақты бақылауда болмақ. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін тапсырыс беруші бірнеше күннің ішінде барлық шұңқырларды жамайтын болады.
Айта кетейін, Жібек жолыдан басталып Жетісайда аяқталатын жолдың 4 учаскесінде, 77 км ұзындықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұзындығы 25 км Азаттық-Қызыласкер учаскесіндегі жөндеу жұмыстарын «Adal Construction Group» ЖШС жүргізуде және 5 қазанға дейін қолданысқа тапсырылады.
Ал, «ПК «Шымкентдорстрой» жалпы ұзындығы 45 км жолға жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар 15 қазанға дейін аяқталатын болады.

Сонымен қатар, 4 қатарлы 102 км Келес және Сарыағаш аудандарынан айналма жол құрылысы мәселелерін де жан-жақты талқыладық.
Алдағы уақытта жоғарыда аталған мәселелердің барлығы қатаң бақылауда болмақ.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАННАН НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖОЛ ТАРТТЫ

Келесі жаңалық

МАҚТААРАЛДЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі