Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДЫҢ ТУМАСЫ 6500 ОТБАСЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

7 сентября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ЖЕТІСАЙДЫҢ ТУМАСЫ 6500 ОТБАСЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ
0
SHARES
77
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының тумасы, меценат-кәсіпкер анасының 40 күндік асында 6500 отбасыға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік таратты деп хабарлайды qaraqalamnews.com ақпараттық порталы.

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы.
Қайырымдылық жасаудан қалыс қалмайтын Жетісайдың тумасы, меценат кәсіпкер Бахриддин Аблазимов өмірден өткен анасы Аблазимова Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының 40 күндік асын республикалық деңгейде қайырымдылық жасаумен өткізді. Елдің барлық облыс орталықтары мен қала, аудандарындағы 21 мешіт арқылы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін 6500 отбасыға азық-түлік үлестірді.
Айта кетейік, көзі тірісінде шалғайдағы елдімекендерге өз қаржысынан газ құбырын жүргізіп, ондаған көшелерге асфальт төсетіп берген Бибі-Жамал Әбдімәлікқызы шаңырақ көтеруге жағдайы келмей жүрген 63 жігітті үйлендірген. Одан бөлек елдің түкпір-түкпірінен жалғызбасты аналар мен аз қамтамасыз етілген 67 отбасыға баспана кілтін табыстап, 80 адамды өз есебінен қажылыққа жіберген.
Арыс қаласында болған жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтааралдағы су тасқынынан, Жамбыл облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен отандастарына алғашқылардан болып қол созған меценат-ана биылғы індет дендеген сәтте де көптеген отбасыға өз есебінен тұрмысқа қажетті азық-түліктер мен гигиеналық тұтыну заттарынан көмек беріп келген.
“Бүкіл кемелдіктің өзегі – ізгілік” деп ұғатын арамызда жүрген жүрегі жомарт, көңілі көл азаматтардың жанашырлығы ел басына күн туғанда білінеді.
Қара басының қамынан аса алмайтын, қарыны тойса өзгенің мұң-мұқтажына селт етпейтін, сөйте тұра бедел жинағыштардың емес, керісінше, сын сағаты туғанда ұлағатты ұлан міндетін ұға білген, қараша халықтың қиналғанына енжарлық танытпай, ықыласты түрде ризығын бөлісе білген нағыз жомарт жандардың ауызбіршілігін, ынтымағын айқындайтын істе атсалыса білетін осындай жастардың бары

көңілге қуаныш, жанға демеу.

Алдыңғы жаңалық

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИХАНДАРЫ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП 457,600 МЫҢ ТОННА ҚАРБЫЗБЕН ҚАУЫН ӨНДІРДІ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі