Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

СЕНІМДІ АҚТАУДАН АРТЫҚ АБЫРОЙ ЖОҚ

8 сентября, 2020
in Cаясат, Жаңалықтар, Хабарландыру
0
СЕНІМДІ АҚТАУДАН АРТЫҚ АБЫРОЙ ЖОҚ
0
SHARES
135
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясының лидері елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі. Сонымен қатар праймериз – үздіктердің үздігін айқындайтын тың жоба деп білемін. Праймериз өткізудің ережесінде партиялық тізімдерде кем дегенде 30 пайыз әйелдердің, көпбалалы аналардың болуы көзделген.

Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан да бірінші орында болуы керек. Сол себепті пандемия жағдайында жаңа технологиялар сайлау процестерінде де орын алмақ.

Өзімнің мақсатым – менің Отаным, біздің Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасампаз ел болуына белсене қатысу. Бірінші кезекте, еліміздің саяси тұрақтылығының, ұлтаралық және дінаралық келісімінің нығаюын, Жетісай ауданының өркендеуіне бар күш жігерімді саламын.

Партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының негізі болған «Рухани жаңғыру» Жалпыұлттық жобасының «Тәрбие және білім» бағыттары негізінде, білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі мен білім  беру саласын жақсартуға осы праймеризді пайдаланып шешімін таппай жүрген мәселелерге ықпал жасаймын:

  • Жетісай ауданындағы білім беру ұйымдары мен қосымша  білім беру орталықтарының жұмысын жақсарту үшін, қазіргі әлемде болып жатқан жағдайға байланысты «Цифрлы Қазақстан» жобасын пайдалана отырып білім берудегі қашықтықтан оқыту жүйесіне оң өзгерістер енгізуді қолдаймын, ауылдық жерлердегі интернет желісінің мәселесін шешуге, аз қамтылған отбасындағы оқушылар мен көпбалалы жанұядан шыққан оқушыларға компьютер, смартфонмен қамтамасыз ету;
  • Саналы ұрпақ тәрбиелеуде педагог мәртебесін көтерудің тиімді жолдарын қарастыру;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау;
  • Балаларға арналған спорт алаңдары мен мәдени нысандарының құрылысына жағдай жасап, денсаулық салауатты өмірдің басты кепілі ретінде оларға жаппай спорт,мәдени мұра мен шығармашылық белсенділіктерін насихаттау және дамыту үшін балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау;
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау басты тақырыптарының бірі болды. Пандемияның экономикаға әсерін ескере отырып, кәсіпкерлерге бизнес көрсеткіштерін қалпына келтіру үшін кешенді қолдау көрсету маңызды. Ол үшін кәсәпкерліктің өркендеуімен дамуына ат салысу, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Қоғам өмірінің ең озбыр тұсы — жанұялық зорлық-зомбылық екені белгілі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көбінесе әйел адамдар зардап шегеді. Осы орайда мемлекет тарапынан нәзік жандылардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлініп, қоғамның барлық саласында гендерлік теңдік мәселесінің алдыңғы орынға шығуы, тұрмыстық зорлық зомбылықтың да алдын алуға мүмкіндіктер беріліп отыр. Ауданымызда тұрмыстық зорлық – зомбылыққа ұшыраған жандарға арнайы орталықтар ашылып, психологиялық тұрғыдан кеңестер беру, қолдау;
  • — зейнеткерлерді, мүгедектерді, көпбалалы отбасыларды; жалғызбасты аналарды, тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын одан әрі жетілдіру;
  • Іскер жастардың жеке кәсібін дамытуға жол ашу;
  • Жұмыссыздар санын азайту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысу;

 

 

Партияның Сайлауалды бағдарламасы алдымызда тұрған  бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.  Реформаларды жүзеге асыру арқылы және Партияның Сайлауалды бағдарламасының толықтай орындалуы арқылы  біз ұлттық сананы өзгертеміз, ота­н­шыл­дықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Қазақстанды өркениетті елдер санатына көтеріп, Мәңгілік Елге айналдырамыз.

 

Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамытудың көшбасында келе жатқан «Nur Otan» партиясына, осы саяси партия  ұсынған кандидаттарымызға дауыс беруге шақырамын.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Жетісай ауданында өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға бар күш жігерімді саламын.

Алдыңғы жаңалық

НЕГІЗГІ МІНДЕТІМ - ЕЛ СЕНІМІНЕН ШЫҒУ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ ӨНДІРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі