Құрметті аудан тұрғындары!
Еліміздегі экономикалық, әлеуметтік тұрақтылықты дамыту мақсатында 2020 жылы «Nur Otan» партиясы батыс елдерінің сайлау тәжірибесінде қолданылып келе жатқан партиялық праймеризді өткізуде. Праймериз — бұл ауданымыздың өзекті мәселелерін көтеретін партия мүшелері арасында өтетін іріктеу. Еліміздің дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқарып, партия проблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек, сонда беделіміз де артады, халық та қолдайды. Бұл дегеніміз Билік пен Халықтың арасындағы көпір болып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап, бақылау.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық.
Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы жолдауындағы қағидасының бірі «Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек», — деген. Осы сөздер тек билік қана емес халық болып жауапкершілікті сезінуіміз керек. Ауданымыздағы атқарылып жатқан жұмыстарды, сонымен қатар кемшіліктерді де барлығымыз жақсы білеміз.
БАҒДАРЛАМАМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Ауданымызда ауыл шаруашылық саласы жоғары дамыған. Шаруалардың 12 ай тыңғылықты еңберінің арқасында жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі біршама жақсарған. Дегенімен, ауыл шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер шаш етектен. Атап айтар болсақ, егістік алқаптардан екі-үш өнімділік алу, ағын су, субсидия, мақта бағасы, бақша дақылдарының экспортқа шығару кезінде туындайтын мәселелер. Біз бүгінде еккен дақылдарымызды тек экспортқа ғана шығарып қоймай, шағын өндіріс цехтарын ашып түрлі өнімдер жасауға бағытталуымыз қажет. Ауданда 380 дренаж болса, оның 55%дан астамы жұмыс істемейді. Жер асты сулары жақын болғандықтан өнім алу төмендеп барады. Біздің байлығымыз Жер-Ана, сондықтанда жоғарыда аталған мәселелерді көтеріп, олардың дұрыс шешілуіне ықпал жасаймын.
ЗАМАН ТАЛАБЫ ЦИФРЛАНДЫРУ
Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Бүгінде жол, ауыз су сияқты негізгі қажеттілік болып интернет мәселесі де алдымызда тұр. Барлық елді-мекендерді интернетпен барынша қамтамасыз ету керек. Жетісай ауданында көптеген ауылдарда интернет желісі жүргізілмеген. Биылғы басталған оқу жылында интернетпее қамтамасыз етілмеген елді-мекен оқушылардың білім алуына ең үлкен кедергі болып отыр. Ондағы тұрғындарға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ауыл шаруашылық, балабақша, медицина т.б. электронды қызметтерді өздері алып үйренуге, тегін оқу курстарын ашуға ықпал жасау.
МӘДЕНИЕТ
Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Әрбір өркениетті елдің мәдениеті жоғары тұрады. Біз бүгінде ауданымызда бір қатар ауылдық округтерде мәдени ошақтары жоқ десекте болады. «Nur Otan» партиясы қоғамның біргелігін анықтайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайды. Ауданымыздағы мәдени ошақтарының құрылысын жүргізуге немесе күрделі жөндеулерден өткізуге ықпал жасаймын. Өз қызметімді пайдалана отырып өткізілетін мәдени іс-шараларды телеарна, әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінің насихаттаймын.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
Елімізде көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектігі бар тұлғаларға мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жасалынуда. Осындай бағдарламаларды тиімді іске асуына өз үлесімді қосамын.
КӘСІПКЕРЛІК
Биылғы жылы кәсіпкерлердің барлығы бір қатар қиыншылықтарға тап болып отыр. Бұл біздің халқымыздың күн көрісіне, тұрақты жұмыспен қамтылуына, кәсіпкерлікті дамыту кедергілеріне әкелді. Бүгінгі экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлттық табыстың өсімінен түсетін игіліктерді әділ бөлу, шағын және орта бизнесті дамыту, шикізат өндіруді, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында кәсіпкерлерге төмен пайызбен несиелер беру. Ауданымыздан шағын цехтар ашып жұмыссыздықпен күресуге ықпал жасаймын. Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көрсететін артықшылығымызға және нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуміз керек. Мырзашөл халқы өзінің адал еңбегінің нәтижесінде табысқа жетіп отыр. Сол табысты арттыруға біз мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, төмен пайызды несиелерді алып өндіріс цехтарын ашуға бағытталып жұмыс жасауымыз керек. «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ықпал етемін.
ИНФРОҚҰРЫЛЫМ
Ауданымызда 113 елді-мекен, 1 кент, 1 қала бар. Жол, ауыз су, газдандыру, интернет мәселелері толық шешілмеген. Өздерініз көріп отырғандай биыл ауданда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен, ауыз сумен, газбен қамтылмаған елді-мекендер бар. Осы маңызды мәселелрлі кезен-кезенімен орындалуына ықпал жасаймын.
МЕДИЦИНА
Қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты дамыту үшін біз медицина салаларына басты назар аударуымыз қажетті. Халықтың денсаулығына қамқорлық жасап, медицина мекемерінде сапалы қызмет көрсетілуіне, соңғы үлгідегі медициналық аппараттармен, тегін дәрі-дәрімектердің уақтылы қамтасыз етілуіне, МӘМС жүйесін пайдалана отырып тегін қызметтерді толық алуына, ықпал жасаймын.
БІЛІМ
Балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешу аса маңызды деп санаймын. Алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуге қол жеткізуге, балабақшаларда қосымша топтар ашуға бар күшімді жұмсаймын.
Короновирус індетінің салдарынан әлемде орын алған пандемия білім саласына өз кедергілерін тигізді. Атап айтар болсақ, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Біз балалардың телефон, планшет, компьютер арқылы білім алуын шектеп қоймайық. Қосымша спорт, өнер, шығармашылық орталықтарына барып білім алу үшін «Балалар үйірмесі» қызметін қайтадан жандандыруға жұмыс жасаймын.
Жоғарыдағы мәселелердің шешілуіне күш жұмсау өзімнің азаматтық борышым. Сондықтан да мен Партияішілік сайлауна қатыса отырып халықтың тұрмыс жағдайына, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына өз үлесімді қосып, туған жерге қызмет етуімді жалғастырсам деп Праймеризге қатысуымды мақсат еттім.