Қымбатты жерлестер!
Мен, 1986 жылы Жетісай қаласында дүниеге келіп, осында ер жеттім. Жоғарғы оқуды тәмәмдап дипломымды қолға алғаннан бері, Жетісай ауданында кәсіпкерлікпен айналысып елге қызмет етіп келемін. 2016 жылы сайлауға түсіп аудандық мәслихатқа депутат болдым. Сол кезден бастап, ауданды дамыту жолында сан алуан жұмыстарға белсене араласып келемін. 2019 жылдан бері Жетісай ауданының «Жұмыспен қамту» орталғының басшысы қызметін атқарудамын. Бүгінде Жетісай ауданының көптеген жастарын жұмыспен қамту үстіндемін.
Нақтырақ бұл күнде атқарған істеріме тоқтала кетер болсам:
1. К-28 каналының бойында екі ауылды жалғайтын көпір салып бердім.
2. Депутат болып сайланғаннан бері жыл сайын «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Мектепке жол» акциясын қолдау мақсатында жағдайы төмен отбасылардан шыққан 10 оқушыға мектеп формасын және оқу құралдарын алып беремін.
3. «Әден ата» ауылындағы жастар аллеясының құрылысына 200 000 мың теңге көмек ретінде бердім.
4. «Асық ата»ЖОМ-не көп орындық әжетхана салып бердім.
5. «Еңбек» ЖОМ-нің АКТ залын орындықтармен қамту мақсатында 300 000 мың теңге бердім.
6. Пандемия COVID-19 кезінде аз қамтамасыз етілген жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тараттым.
7. Қазірде жағдайы төмен, мұң-мұқтажы бар отбасыларға барынша қолдау көрсетіп барлық жағынан көмек берудемін.
8. Карантин кезінде Жетісай ауданы Орталық ауруханасына құны 550 мың теңге болатын жасанды оттегі аппараттарын жеткіздім.
«Нұр» ауылының тұрғыны Алима Жолдыбаеваның мүгедек баласының жағдай бойынша үйінің ішіне жуынатын бөлмесі мен әжетханасын салып бердім.
Жоғарыда аталғандардың барлығыда өз ауданымыздың әл ауқатын көтеру, кем кетіктерге қол ұшын беру мақсатында өз қаражатыммен берілген көмектер.
Бұл бағыттағы жетістіктерімді халық біледі.
ҚР Президентінің биылғы 20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар мәслихаттың депутаты болуға бел будым. Өлкемізді жан-жақты дамытудың барлық мәселелері сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін аудандық аудандық мәслихат депутаттары арқылы шешіліп келеді. Жетісай ауданында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.
Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Жетісай ауданында мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға кірісетін боламын:
1. Ауыл шаруалық өнімдерін мал және егін шаруашылығын жандандыру:
— Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету. Кәсіпкерлікті дамыту. Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету;
2. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында:
— Ауданға қарасты ауылдық округтердегі асфальтты жолдардың құрылысын жандандыру және аяқтау;
3. Жаңа әлеуметтік саясат аясында:
-Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;
-«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас жанұялар мен мүжәлсіз отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету;
-Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу;
-Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жетістікке жеткендерді, кәсібінен несібесін тапқандарды насихаттап, ізін жалғастырушылардың көбеюіне ықпал етемін.
Тозығы жеткен электр бағаналарының кезеңімен ауыстырылуына қажыр-қайратымды жұмсамақпын
4. Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда:
— Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;
— Облыс көлемінде, әсіресе, Жетісай ауданында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу;
— Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының нақты жүзеге асуына, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету.
5. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:
— Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.
Және тұрғындарымзға:
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жетістікке жеткендерді, кәсібінен несібесін тапқандарды насихаттап, ізін жалғастырушылардың көбеюіне ықпал етемін.
Тозығы жеткен электр бағаналарының кезеңімен ауыстырылуына қажыр-қайратымды жұмсамақпын.
«Нұротандық» депутаттар алдағы бес жыл ішінде осы бес бағыт аясында ауданымыздың өркендеуіне өздерінің бұған дейін жинақтаған білім-тәжірибелерін, іскерлік қарым-қабілеттерін аянбай жұмсайды деп сенемін.
Партияның Сайлауалды бағдарламасы алдымызда тұрған бірінші кезекті жалпыұлттық міндет. Реформаларды жүзеге асыру арқылы және Партияның Сайлауалды бағдарламасының толықтай орындалуы арқылы біз ұлттық сананы өзгертеміз, отаншылдықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Қазақстанды өркениетті елдер санатына көтеріп, Мәңгілік Елге айналдырамыз.
Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамытудың көшбасында келе жатқан «Нұр Отан» партиясына, осы саяси партия ұсынған кандидаттарымызға дауыс беруге шақырамын.
#МағанДауысБеріңіздер
#ГолосуйтеЗаМеня