Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНЕ ТАПСЫРДЫ

15 сентября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»  ҚОРЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНЕ ТАПСЫРДЫ
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«Самұрық-Қазына» Қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар Сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы жаңа нысандардың құрылысы 2019 жылдың қазан айында Қор мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында басталған болатын.
Түркістанға тапсырылған әлеуметтік бес нысан — атқарылған жұмыс нәтижелерінің бірі болып табылады.
«Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі – амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне төлеусіз тапсыруға дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді», – деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде облыс әкімі өңірдің гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қорға алғыс айтып, Түркістан өлкесінің дамуына қосқан үлесі туралы жаңа меморандумға қол қойды.
«Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында сіз басқарып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры облыс орталығындағы әлеуметтік маңызы бар бес нысанның құрылысын сәтті жүзеге асырды», – деді Өмірзақ Шөкеев.
Сонымен қатар, Қор өңірде газдандыру, Электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Әлеуметтік саланы дамытуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Қор Арыс қаласында 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, Теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы мен орталық алаңды қалпына келтірді.

 

Алдыңғы жаңалық

МЕНІ ҚОЛДАП, МАҒАН ДАУЫС БЕР! ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі