Мен, Исахов Берікжан Базаралыұлы 1976 жылы тамыз айының 3-ші жұлдызында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келдім. Жамбыл атындағы орта мектепті бітірдім. Ұлтым — қазақ. Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «экономист-менеджер» мамандығын және Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің Құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, дипломдар иеленгенмін. Үйленгенмін, отбасымда 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеудемін. Қызметімді өз мамандығым бойынша 2002 жылдан бастап денсаулық сақтау саласының Асық-Ата, Жетісай, Мақтаарал аудандық ауруханалары мен емханаларында 18 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келемін. Оның ішінде 7 жыл есепші, 8 жыл бас есепші, 2 жыл бас дәрігердің экономика саласы бойынша орынбасары және 2019 жылдан қазіргі күнге дейін, Жетісай аудандық орталық ауруханасында менеджер қызметін атқарудамын.
Нұр-Отан партиясының мүшесімін.
Құрметті Жетісай ауданының тұрғындары!
Мен, Исахов Берікжан Базаралыұлы, «Нұр Отан» партиясы партияішілік сайлауға үміткер ретінде қатысқаныма мақтанамын, сонымен бірге, өзімнің сайлаушыларымның және партиялық әріптестерімнің алдында өзіме алған міндеттерімнің жоғары жауаптылық дәрежесін жете түсінемін. Мен өз елімнің азаматы ретінде, осы өңірге қатысты өзекті мәселелер бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеру, орындалуына ықпал ету, сонымен қатар халыққа керек маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік жасау, менің халық алдындағы борышым деп санаймын.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қосқаным үшін еңбегім бағаланып төмендегі марапаттарға ие болдым:
- «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН ЕЛ АРДАҚТЫСЫ» МЕДАЛІ
- «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» ОРДЕНІ
- «Жетісай қаласына 50 жыл» ТӨС БЕЛГІСІ
- «Ұлттық валюта теңге күніне» МЕДАЛІ.
- «Ұлттық валюта – теңге күні 25 жылдығына» АЛҒЫС ХАТ
МЕНІҢ МАҚСАТЫМ – Отанымыздың игілігі үшін халықтың мүддесін қорғау.
Сайлауалды бағдарлама: «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
Менің сайлау алды бағдарламам:
- Қоғамдағы басты байлық – адам, оның заң алдындағы барлық құқықтарының сақталуына және де әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларына, көпбалалы аналарға, мүгедектерге жағдай жасауға ықпал етемін. (Мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бойынша бақылауға алып, қадағалап отырамын.)
- Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жетісай ауданы ауыл округтерінде, Асық ата кенті және Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін және тозығы жеткен сарқынды суды ағызатын жер астындағы трубалар жүйесін (канализация) күрделі жөндеуден өткізу жайлы іс-шаралар жүргізуге, іске асыруға ат салысамын.
- Жетісай аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету:
- Табиғи газ жүйесінің салынуы бағытындағы жұмыстарды бақылауға алып, орындалуын қадағалауға ықпал етемін.
- Жолдардың сапасын жақсарту
- Жетісай ауданы ауыл округтері, Асық ата кенті және Жетісай қаласы ішкі жолдарын жөндеуге ықпал етемін.
- Жергілікті халық Түркістан және Шымкент қаласына бару үшін Жетісай-Абай-Сарыағаш елді мекендерді аралап өтеді, халыққа ыңғайлы және тиімді жол сапарын қарастыру үшін Абай және Сарыағаш қаласына кірмейтін айналма жол салудың шешу жолдарын қарастырамын.
- Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету.
Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту.
Қазақстан Республикасы коронавирус-пандемия мемлекеттік комиссия және Денсаулық сақтау министрлігінің айтуларынша коронавирустық инфекцияның пандемиясы аяқталған жоқ. Қазақстандықтар қазан айында Жұқпалы Респираторлық Вирустық Инфекция және тұмау маусымымен бірге күтілетін жаңа толқынға дайын болуы керек деген болатын. Сол себептен «Жол картасы» бойынша ҚР-да Covid 19-бен күресу үшін тағы 13 госпиталь салынуы тиіс екендігін білеміз.
ҚР –да коронавирустық инфекцияның пандемиясы кезінде Түркістан облысынан екі инфекциялық госпиталь ашылды:
1-ші Қазығұрт, Сарагаш, Абай, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының халқы үшін Жетісай ауданынан
2- ші қалған басқа аудандармен Түркістан халқы үшін Кентау қаласынан ашылған болатын.
- облысымыздың орталығы Түркістан қаласынан біздің ауданымыздың ара қашықтығы шамамен 400 км екендігін ескере отырып, коронавирустық инфекцияның пандемиясы жалғасқан жағдайда науқастарды Түркістан қаласына инфекциялық госпитальге тасымалдамас үшін, Коронавирус COVID-19 диагнозы бойынша және жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониялары бар науқастар үшін 1 госпитальді Түркістан облысының Қазығұрт, Сарагаш, Абай, Мақтаарал, Жетысай, Шардара аудандары халқы үшін, Жетісай ауданынан арнайы аурухана салынуы тиіс деп санаймын.
- Covid 19-бен күресу үшін 1 госпитальді Түркістан облысының Қазығұрт, Сарагаш, Абай, Мақтаарал, Жетысай, Шардара өңірлерінің халқы үшін Жетісай ауданынан арнайы аурухана салынуына, коронавирустық инфекцияның пандемиясы аяқталған жағдайда аурухананы туберкулезге қарсы диспансерге қайта бейімделіп ашылуына ықпал ететін боламын.
- оттегі концентратор, ИВЛ, пульсоксиметр аппараттарының санын арттыруға;
- Жетісай аудандық орталық ауруханасының және Асық ата ауруханасында оттегі станциясын жаңартуға ықпал ететін боламын.
- науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға ықпал ететін боламын.
- Жетісай аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге;
- фельдшерлік-акушерлік пункттерін салуға;
- медициналық пункттер салуға;
- Аудандық ауруханаларға, Аудандық емханаларға, қалалық емханаға, Дәрігерлік амбулаторияларға және IV-ші санаттағы жедел жәрдем бригадасына арнайы мамандандырылған автокөліктерін сатып алуға;
- жыл сайын жас маман дәрігерге бюджет есебінен көтерме жәрдемақы төлеуге;
- дәрігерлердің (жалпы тәжірибелі дәрігер, окулист, ЛОР, акушер-гинеколог, хирург, неонатолог, онколог, дерматолог) тапшылығын шешуге;
- жыл сайын 20% медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;
- тұрғындарды (жыл сайын 18 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізу жұмыстарын бақылауға алып, орындалуын қадағалауға ықпал етемін.
- Білім беру сапасын арттыру.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарты болып табылады.
Ауданда апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Сондықтан оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға аса назар аударылатын болады.
Бұл үшін мен:
- 10 мектептің (№32 Ш.Құдайбердиев жалпы орта білім беретін мектебі, №6 Б.Момышұлы МГ (2021), №21 Майлин жалпы орта білім беретін мектебі, №38 С.Асанов жалпы орта білім беретін мектебі (2022), №43 «Қызылтаң» жалпы орта білім беретін мектебі, №51 «Дәуір» жалпы орта білім беретін мектебі (2023), №57«Сарыарқа» жалпы орта білім беретін мектебі, №10 «Қайнар» жалпы орта білім беретін мектебі (2024), №22 Яссауи жалпы орта білім беретін мектебі, №40 «Ынтымақ» жалпы орта білім беретін мектебі (2025) күрделі жөндеу мәселесін шешуге;
- мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернетпен, жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына ықпал етемін.
- Жетісай ауданы аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін, мына төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру керек:
- Мақта өңдеу зауыттарында шетелде жаңа технология бойынша шығарылған шаңсорғыштарды қондыру,
- Жылжымалы асфальт және бетон зауыттарына шаңсорғыш және одан шығатын улы заттар атмосфераға таралуын жоятын қондырғыларды қою,
- Мақта алқабына, бақшалар, жылы-жайларда қолданылатын улы заттар және тыңайтыштарды нормадан артық пайдалануға шектеу қою қажет, бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқару органдарына және өңірлік ауылшаруашылық инспекциясына, экологиялық органдарға ұсыныс жасап ретке келтіруге ықпал етемін.
- Ауданымыздан шыққан дарынды жастарға шығармашылық, өнер, ғылым, спорт және тағы басқа салалары бойынша қолдау көрсетуге, үздіктерді түрлі денгейдегі бұхаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, қала, ауыл округтерінде шағын спорт алаңдарын салуға ықпал етемін.
- Түркістан облысы Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өзекті мәселелері бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеруге, әсіресе облыстық бюджеттен Жетісай ауданына бөлінетін қаржы мәселесін қадағалауға, орындалуына ықпал етемін.
- Егер, мен «Nur Otan» партиясы партияішілік сайлауынан жеңіп шығып, Түркістан облыстық мәслихатына депутат болып сайланып жатсам, сайлаушылар мен тұрақты кездесіп, олардың мұң- мұқтаждарын ескеріп, дер кезінде тиісті органдарға ұсыныс беріп, сайлаушылардың берген ұсыныстарының шешілуін қадағалап отырамын.
- Мен өз елімнің патриотымын!
- мен ауылда өскендіктен, ауылдың мәселелерін (проблемаларын) жетік білемін.
- мен айналадағы өмірді жақсартуға тырысамын.
- жоспарланған жұмысты жүзеге асыру үшін жаспын және энергияға толымын.
- тиімді шешімдерді іске асыру үшін тәжірибелімін.
- кез-келген мәселелерді талқылауға ашық және қолжетімдімін.
менің күшім — бұл адамдардың сенімі мен қолдауы