Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан: Сайрам ауданында тойхана ғимараты гемодиализ орталығына айналды

14 мая, 2021
in Денсаулық
0
Түркістан: Сайрам ауданында тойхана ғимараты гемодиализ орталығына айналды
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сайрам ауданында тұңғыш рет гемодиализ орталығы ашылды. Бұл — мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан жоба.

Тойхана ғимаратында заманауи үлгіде жабдықталған медициналық орталық ашқан жергілікті кәсіпкер 120 млн теңге жеке қаражатын жұмсаған. Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан 80 науқас енді жол азабын тартпай, жақын маңнан ем алады. Диализ залы ең озық медициналық қондырғылармен толыққан. Сайрам ауданында іс — сапармен болған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мед Алатау» орталығының жұмысымен танысты. Амбулаторлық орталық барлық талапқа сай жабдықталған.

Облыс басшысы аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге Қарабұлақ ауыл округіндегі «Ұлықбек» шаруа қожалығында болып, диқандармен кездесті. Су жинау мұнарасын жасау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Ақсукент ауыл округіндегі су мен табиғи газға арналған құбыр «Оңтүстік Қазақстан полимер құбырлары зауытын» аралады. Зауыт қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау көрген өндіріс орны бүгінде толығымен өзін-өзі қаржыландырып, 33 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімі ішкі нарықта саудаланады.

Жұмыс сапары барысында Өмірзақ Естайұлы Ақсукент ауыл округіндегі «Sairam Thermal Resort» емдеу сауықтыру кешеніне барды. Жобаның құны – 500 млн. теңге. Мұнда жылына 3 мыңнан астам адам ем қабылдайды.

Сайрамдық санаторий пандемия кезінде дертке шалдығып, қайта сауыққан науқастардың организмін қайта қалпына келтіру үшін арнайы емдік-сауықтыру бағдарламасын әзірлеген. Келушілер негізінен минералды қоспасы бар термиялық минералды сумен емделеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

Ө.Шөкеев: «Жол картасын» жанашырлықпен атқаруды талап етемін»

Келесі жаңалық

ӘРПК - сот ісін жүргізудің жаңа түрі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі