Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ӘРПК — сот ісін жүргізудің жаңа түрі

17 мая, 2021
in Қоғам
0
ӘРПК — сот ісін жүргізудің жаңа түрі
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі бойынша Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен азаматтық процессуалдық кодексте көрсетілгендей талап-арыз шеңберінен шықпай шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.

Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

«Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды. Аталған ӘРПК-і бойынша іс жүргізу судьялардың кәсіби біліктілігіне, өз қызметіне адалдығына байланысты. Президентіміздің Жарлығымен 21 жаңа әкімшілік сот құрылған. Судьялардың жалпы штат саны – 179 бірлік болып бекітілген. Басқа дамыған демократиялық елдерде әкімшілік соттар, мемлекет пен азаматтар арасындағы даулар бойынша шешуші рөл атқарады. Жаңа құрылып отырған әкімшілік соттарда жұмыс жасау, халықтың дауын әділ шешу – бұл еліміз-халқымыз алдында үлкен мәртебе!»,- дейді Түркістан облыстық адвокаттар алқасының Төралқа төрағасы Қайрат Камбаров.

Айтуынша, сот ісін жүргізудің жаңа түрі, елімізде азаматтардың заңды мүдделерін қорғау үшін процессуалдық мүмкіндіктер көбірек көрсетілген. Аталған Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасының ережелерін бұрмаламай, іс бойынша Әділ баға беріп шешу, тек қана сотқа жүктелген.

Анықтама:

2021 жылғы 1 шілдеден бастап:

1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы, 2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылады деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев қол қойған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Сайрам ауданында тойхана ғимараты гемодиализ орталығына айналды

Келесі жаңалық

Жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі