Жиында біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург» номинациясына облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Мақсұт Аймағамбетов, «Үздік терапевт» Бағила Таштаева ие болды. «Үздік акушер-гинеколог» №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Абдысаттар Дуйсенов болса, «Үздік педиатр» Бакыт Есиркепова мен «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Лола Шаншарова марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік медициналық мекеме» Түркістан Облыстық балалар ауруханасы атанды.
«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өз сөзінде.
Жиынға медицина саласының менеджерлері мен дәрігерлер қатысты. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ жейделі жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 6 324 науқас толық жазылып шыққан. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейіп, дәрігерлердің орташа жалақысы 271 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 162 мың теңгеге дейін өсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі