Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысының әкімі бас мүфтимен кездесті

18 июня, 2021
in Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі бас мүфтимен кездесті
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау жайында өзара пікір алмасты.

Белгілі болғандай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосты. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін жаңа жоба шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша тур ұйымдастырады.

Аталған жоба енді Түркістан өңірінде жүзеге асады. Бұл ретте имамдардың жетекшілігімен киелі орындарға арнайы турлар ұйымдастырылып, сапар барысында зиярат жасау мәдениеті мен әдебі түсіндіріліп, тиісті насихат жұмыстары жүргізілмек. Бұл ретте Түркістан қаласының туристік әлеуеті үлкен мүмкіндікке ие.

Әлемдік мұсылман қауымы арасында беделді Ислам ғұламаларының зиратына зиярат ету, қасиетті жерлерге зиярат жасау мәдениеті қалыптасып, мұсылман елдерінде зиярат туризм саласы жақсы дамығаны белгілі. Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі ашылғаны белгілі. Түркістан-Джидда әуе рейсін ашу туралы бастама Орта Азия елдері азаматтарын киелі Түркістан арқылы қажылық немесе ұмра сапарына жіберуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Облыста 6 діни конфессияға енетін 30 жергілікті діни бірлестік пен 754 филиал жұмыс істейді. 752 мешіт бар. Еліміздегі әрбір үшінші мешіт Түркістан облысында орналасқан.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістандық айтыскер темір тұлпар мінді

Келесі жаңалық

Қаратау ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі