Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті

8 июля, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында бірқатар орындарда шомылуға тыйым салынған. Олардың қатарында Янги-шек, Азат, Көкбұлақ, Хауау, Сасық каналдары бар. Аталған каналдардың бойында қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ұстану бойынша демалыс және мереке күндері үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.  «Абай бол!» атауымен өткен акция қала тұрғындарының қауіпсіздігін қаматамасыз етіп, өздерінің және жақындарының өмірлерін сақтауға бағытталған.

Ауқымды іс-шара Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен өткізіліп, оған барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар ат салысты. Жексенбілік акция барысында ТЖ мамандары қала тұрғындарына «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 5 мыңға жуық тұрғынға парақшалар ұсынылып, арнайы түбіртектер арқылы есеп жүргізілді. Айта өту керек, осындай үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде қалада шомылу маусымы басталғалы бері жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.

Осы орайда тұрғындар назарына! Жаздың ыстық күндері тек қана арнайы жабдықталған орындарда шомылуға барыңыздар! Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларды су айдындарына жалғыз жібермеңіздер! Суға масаң күйде түспеңіздер. Судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Қайнарбұлақ елдімекенінде электр бағаналары орнатылуда

Келесі жаңалық

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдайтын интернет ресурс 26 шілде күні іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі