Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдайтын интернет ресурс 26 шілде күні іске қосылады

8 июля, 2021
in Uncategorized
0
Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдайтын интернет ресурс 26 шілде күні іске қосылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26-шы шілде күні  басталады. Сонымен қатар биылғы жылы тұрғын үй сертификатына құжаттарды қабылдау онлайн жүзеге асырылмақ. Осы тұрғыда қазіргі таңда азаматтар тарапынан бірқатар  сұрақтар келіп  түсуде. «Өтінім жіберілмей жатыр» немесе «Аталған интернет ресурсқа кіру мүмкін емес» — деген секілді.

Айта кету керек, тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдауға арналған  «www.кezekte.kz» интернет ресурсы шілде айының 26-нан бастап автоматты түрде   іске  қосылады.  Оған дейін ешқандай өтінім қабылдау жүргізілмейді.  Яғни, несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға төлем қабілеттілігін растау туралы банктің хаты  және  соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда,  аталған күннен бастап тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады. Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде — кәмелетке толған отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25»  бағыттары бойынша   тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай  келетін әрбір  азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан  бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті

Келесі жаңалық

Мақтааралдағы жаңа қалашықта балабақша ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі