Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әлеуметтік бейімдеу орталығында «хайуанаттар бағы» бұрышы ашылды

8 июля, 2021
in Қоғам
0
Әлеуметтік бейімдеу орталығында «хайуанаттар бағы» бұрышы ашылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесінің ауласынан «Хайуанаттар бағы» бұрышы ашылды. ZOO бұрыш  қалалық мемлекеттік зоологиялық саябағымен жасалған келісім негізінде құрылған.

Қызмет алушылар саябақта серуендеп,  ғажайып құс саналатын тауыстарды, кептер мен көжек, қояндарды тамашалай алады.  Бүгінгі таңда оларды күтіп-баптайтын қызметкер мен ветеринар-дәрігер жұмылдырылған.

«Орталықта қызмет алушылардың еңбек дағдыларын арттыру, психикалық күйзелістен шығарып, көңіл-күйлерін көтеру және денсаулықтарын нығайту мақсатында күнделікті таң ертеңгілік серуендер ұйымдастырылады.«Хайуанаттар бағы» бұрышын тамашалайтындар қатары артуда. Сонымен қатар, әлеуметтік –мәдени бағытта мерекелік іс-шаралар өткіземіз», — дейді мекеме басшысы Мұхит Нышамбаев.

Мекеме кәмелет жасқа толған белгілі тұрғылықты жері жоқ, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе шартты түрде сотталған азаматтарға қызмет көрсетеді.  Орталықта қазір 135 –ке жуық азамат қызмет алуда.

Бұдан бөлек, мекеме қызмет алушыларға құжаттарын рәсімдеу, медициналық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға орналастыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегіне тұрғызу секілді әлеуметтік көмектер көрсетеді.

Мәселен, жыл басынан бастап 27 азаматтың жеке басын анықтайтын құжаты рәсімделген, 2 азаматқа жасына байланысты зейнеткерлік тағайындауға ықпал етілген, 4 азаматқа мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындауға көмек көрсетілсе, 20 қызмет алушы санаторлық-курорттық ем қабылдау үшін кезекке қойылып жолданған. Сондай-ақ,  79 адамға жеке қажеттіліктеріне байланысты басқа да әлеуметтік, медициналық көмектер көрсетілген. Қызметтер алушыларды жұмыспен қамту шаралары да жүзеге асырылуда.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласын абаттандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды

Келесі жаңалық

«Домалақ ана» операсы алдағы уақытта әлемдік сахналарда қойылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі