Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Домалақ ана» операсы алдағы уақытта әлемдік сахналарда қойылмақ

8 июля, 2021
in Uncategorized
0
«Домалақ ана» операсы алдағы уақытта әлемдік сахналарда қойылмақ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ҚР еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамадқызының бастамасымен Тәуелсіздіктің  30 жылдығы және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Домалақ ана» операсының премьерасы өткен болатын.

«Домалақ ана» – Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера. Жаңа қойылым елде алғаш рет сахналанып отыр, екі актілі, 160 әртіс рөл сомдаған. Операның композиторы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров. Идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы. Қоюшы-режиссер – ресейлік «Үлкен театр» режиссерлік тобының меңгерушісі, Ресей және әлем опера театрларының опера қоюшысы Михаил Панджавидзе.

Қойылымда қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз ананың өзіне тән қасиетті бейнесі тереңдікпен жеткізілген. Жас қыз Нуриланың ана атанып, өсиет пен рухани құндылықтарға және аналық мейрімге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген.  Енді  «Домалақ ана» операсы алдағы уақытта әлемдік сахналарда қойылмақ.

Сонымен бірге,  театрдың 13 маусымы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай арманы» атты концерттік кешпен ашылды.  Жыл бойына 1 премьера 12 қойылым сахналанды.  Ал жабылу маусымын «Театр жауһарлары» атты Гала-концертпен аяқтады.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Әлеуметтік бейімдеу орталығында «хайуанаттар бағы» бұрышы ашылды

Келесі жаңалық

Өмірзақ Шөкеев АҚШ елшісімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі