Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда

12 августа, 2021
in Қоғам
0
Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халық санағы — мемлекеттік дәрежеге ие, халықтың саны мен құрамы жөніндегі мәліметтерді айқындайтын саяси іс-шара. Бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында қалалық Статистика департаменті мамандарымен бірлесе есептік және нұсқаушылық учаскелерге бөлу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осы жылы болатын халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияға басымдық беріліп,  тұрғындарға қолайлы ғаламтор желісі арқылы  өткізілуінде болып отыр. Осы себепті ауданда адам көп шоғырланатын 10 нүкте қарастырылып, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастыру жұмыстары  жүргізілуде. Онда санақшылар тұрғындарға халық санағы жайлы толық ақпарат беріп, азаматтарға  арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіретін болады.

Одан бөлек Шымкент қаласында санаққа қатысты ақпарат беретін 40 билбордтар ілінсе, оның 25-і Әл-Фараби ауданы аумағына орналастырылған.

Айта кетейік, Ұлттық Халық санағы 1-30 қыркүйек аралығында онлайн форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізіледі.

Санақ нәтижелері бойынша алынған деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан барша қала тұрғындарын белсенділік танытып, санаққа қатысуға шақырамыз!

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 9 шағын аудан сапалы ауыз сумен қамтылады

Келесі жаңалық

Шымкентте 74 азаматқа  жалдамалы пәтер кілті табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі