Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 74 азаматқа  жалдамалы пәтер кілті табысталды

12 августа, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте 74 азаматқа  жалдамалы пәтер кілті табысталды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында  тұрғын үй кезегі келген  74 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды.  Оның ішінде 28 пәтер —  көпбалалы отбасыларға, 39 пәтер  — халықтың  әлеуметтік жағынан  әлсіз топ мүшелеріне, 7 пәтер — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді.

Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар-2 шағын аудандарынан бөлінген.

Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Фарида Жүнісова  да бар. Ол 2014 жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі егов электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 7 жылға жуық уақыт  бойы  тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткен. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.

Айта кету керек, осы  жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар  кезегінде тұрған  161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, мамыр айында 147 арендалық баспана тұрғындар игілігіне табысталған болатын. Сонымен бірге жыл басында 300 пәтер жұмыс істейтін жастарға үлестірілген еді. Ал, жыл соңына дейін  294 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда.

Айта кетейік, 2020 жылы тұрғын үй кезегіндегі  1596  азамат арендалық баспанаға қол жеткізген болса, 904 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілген болатын.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда

Келесі жаңалық

Ө.Шөкеев Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде жүзеге асатын жобалардың барысын бақылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі