Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ө.Шөкеев Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде жүзеге асатын жобалардың барысын бақылады

12 августа, 2021
in Қоғам
0
Ө.Шөкеев Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде жүзеге асатын жобалардың барысын бақылады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне жоспарланған жаңа жобалардың барысын пысықтады. Бұдан бөлек, аймақ басшысы көгалдандыру жұмыстарына жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді. Түркістан қаласы дамуының 1-кезеңі аяқталғанын ескере отырып, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспары бекітілгені белгілі. Кешенді жоспарда 141 іс-шара енгізілді. Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады.

Түркістанның дамуы 4 аумақта жүзеге асады. Халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске қосылады. Оның ішінде 100 орындық замануи қонақ үй, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.

Екінші аумақтағы жұмыстар Әкімшілік-іскерлік орталығында жалғасады. Мұнда 57 жобаның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы. Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көпбейінді аурухана (МЖӘ), жедел медициналық жәрдем станциясы, және «Ана мен бала орталығы» салынады.

Үшінші аумаққа кіретін Б.Саттарханов даңғылының бойында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені пайда болады.

Ал, 4-аумақ — Мәдени-рухани орталық. Табиғи аумақта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджі қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Хилует» мәдени-рухани орталығы салынады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте 74 азаматқа  жалдамалы пәтер кілті табысталды

Келесі жаңалық

Түркістан: «Керуен сарайда» бизнес жүргізуге жеңілдетілген несие беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі