Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Екі ауданды жалғап тұрған көпір қайта қалыпқа келтіріледі

19 января, 2022
in Қоғам
0
Екі ауданды жалғап тұрған көпір қайта қалыпқа келтіріледі
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабына арнайы барып, «Сайрам су» өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы темір көпірді аралап көрді.

Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпір 90 жылдары тұрғындардың өз есебінен салынған болатын. Көпірді қайта-қайта су шайып, 2020 жылы апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталды.

Еңбекші ауданына қарасты №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана ортасын байланыстарын көпірдің тұрғындар үшін маңызы зор.  Сондықтан қайта қалыпқа келтіру жөнінде шешім қабылданған.

Ені 5 метр, ұзындығы 18 метр көпірді қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін демеушілер де анықталып, бүгінде жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Шаһар басшысы аралау кезінде қаланың дамуына қосқан үлестері үшін  демеушілерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ қала әкімі Базарқақпа тұрғын алабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесімен танысты. Дружба, Жамалов, Юсупов және Шахайдаров көшелеріндегі 20 көпқабатты (275 пәтер), 100 жеке тұрғын үйдің кәріз жүйесі құрылысын «ТКСК-Строй» ЖШС жүргізген. Енді кәріз жүйесін мемлекет меншігіне өткізіп, ішкі кәріз жүйелерін магистралды жүйеге қосуға қаржы қарастыру қажет.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан жаңа магистралдық кәріз жүйесін орнату үшін техникалық шарттар мен ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу үшін бюджеттік нақтылау отырысына ұсыныс енгізілген.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Су басу қаупі төнген аймақтар бақылауда

Келесі жаңалық

Қала әкімі Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі