Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімі Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесті

19 января, 2022
in Қоғам
0
Қала әкімі Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті.

Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған.

Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1 тұрғын алаптарына ауыз су жүйесі толығымен жаңартылып, қазіргі таңда тұрғындарға тәулік бойы ауыз су берілуде. Базарқақпа, Бадам-1 тұрғын алаптарында жекеменшік жүйедегі 998 абонентке бюджет есебінен электр желілері жүргізілсе, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і есебінен  901 абоненттің электр желілері жаңартылды.

Өткен жылы 4 спорт алаңшасы (Тұрдыабад, Бадам-1) салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Базарқақпа тұрғын алабында 6 көшеге, Абдулабад тұрғын алабында  2  көшеге асфальт жол салынды. Абдулабад елді мекенінің ішкі көшелеріндегі топырақ жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл Қаратөбе аумағындағы көшелерге бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстары атқарылады. Бадам-1 тұрғын алабында 153, Абдулабад тұрғын алабында 484 жекеменшік электр желілерін ауыстыру жұмыстары қолға алынады. Тұрдыабад тұрғын алабында 1 балалар ойын алаңшасы салынады. Аумақтағы 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қала әкімі аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін қолға алынғанын атап өтті. Сметалық құжаттарға сәйкес жол төсеу жұмыстарын қатаң бақылауға алу және кездесуде айтылған тұрғындардың өтініші негізінде жер мәселесін шешу жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Екі ауданды жалғап тұрған көпір қайта қалыпқа келтіріледі

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 66 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі