Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Кентауда тойханалар мен базарлар орталық жылу жүйесінен ажыратылады

1 февраля, 2022
in Әлеумет
0
Кентауда тойханалар мен базарлар орталық жылу жүйесінен ажыратылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Кентау қаласында орталық жылу жүйесіне қосылған нысандар көбейгендіктен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу сапасы нашарлаған. Бұл туралы жылу орталығының басшысы Асхат Абдрасилов мәлімдеді.

Асхат Абдрасиловтың сөзінше, енді сол нысандардың ең ірі дегендері шетінен жылудан ажыратылады. «Коммерциялық нысандардың иелеріне алдымен ескерту жіберіледі. Жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Тойханалар мен базарлар орталық жылу жүйесінен ажыратылады. Содан кейін бір апта көлемінде жұмыстарды атқаратын боламыз»,– дейді Кентаудағы жылу орталығының басшысы.

Қазір орталыққа шаһардағы Рысқұлов, Уәлиханов, Әл-Фараби көшелеріндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарынан шағым түскен. Себебі бұл үйлердің жылу жүйелері қосымша насосты қажет етеді. Енді сол құрылғыны орнату жұмысы қолға алынбақ. Қалған коммерциялық нысандарды жылу жүйесінен ажырату келесі жылу маусымына дейін жүзеге асырылмақ. Өйткені орталықтың күші барлығын қамтуға жеткіліксіз. Айта кетейік, жалпы қалада 348 көпқабаты үй, 2500-ден аса жеке сектордағы үй, 441 коммерциялық нысан, 112 бюджеттік мекеме жылу орталығына қосылған. Жалпы абонент саны 11738-ді құрап отыр

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны артып келеді

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 54,2 мың жұмыс орны құрылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі