Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысында 54,2 мың жұмыс орны құрылған

1 февраля, 2022
in Экономика
0
Түркістан облысында 54,2 мың жұмыс орны құрылған
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өткен жылы 102 609 адам жұмыспен қамту шараларына қатысса, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 54,2 мың жұмыс орны құрылған.

Өңірден жаңадан ашылған жұмыс орындарының 20,3 мыңы тұрақты, 34 мыңы – уақытша болған. Алдын ала бекітілген жоспар 135,2 пайызға орындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы саладағы түйткілдер тарқатылып, жоспарлар белгіленді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 900 адам қысқа мерзімдік оқуды аяқтап, оның 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. 1276 азамат 6089,9 млн теңгенің шағын несиесін алып, бұл азаматтар тарапынан 1402 жаңа жұмыс орны ашылған. Түзілген келісімшарттарға сәйкес, шағын несиелеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айына дейін жалғасатын болады. Жұмысқа орналасқан азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасы азаматтардың 83,8 пайызына аударылған. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі де жалғасады деп жоспарланып отыр.

«Қамқорлық« бағдарламасы шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған 1036 отбасына 308,5 млн теңгеге демеушілік жасалып, 33 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жұмыс орындарын көбейту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мерзімін 12 айға ұзартып (қолданыстағы заңмен 6 ай болған), жалақысын 91 890 теңгеге жеткізу ұсынылып отыр.

 

Алдыңғы жаңалық

Кентауда тойханалар мен базарлар орталық жылу жүйесінен ажыратылады

Келесі жаңалық

Арыста қымыранды құрғақтай дайындайтын кәсіпорын іске қосылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі