Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандық тұрғын «Whats App» арқылы 5 облыстың тұрғындарын алдап, ақша алып келген

1 февраля, 2022
in Қоғам
0
Түркістандық тұрғын «Whats App» арқылы 5 облыстың тұрғындарын алдап, ақша алып келген
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Whats App» арқылы 5 облыстың тұрғындарын алдап, ақшаларын алып келген алаяқ ұсталды.

Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Арызында танымайтын әйел «Whats App» арқылы «Криптовалюта» атты топ құрып, ақшаңды еселеп беремін деп алып, қайта қайтармай қойғанын көрсеткен. Алаяқ жәбірленушіден бас-аяғы 200 000 теңгеге жуық ақша алған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдікті әйел тәулік ішінде анықталды. Ол жасы 30-дан асқан Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдікті 17 тұрғынды желі арқылы алдап, ақшаларын алғаны анықталды. Әйелдің құрбандары Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары. Олар алаяқтың жалған сөзіне сеніп, бірнеше реттен 5 000 – 200 000 теңге аралығындағы ақшаларын аударып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллионнан асады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/turkistandyk-turgyn-whats-app-arkyly-5-oblystyn-turgyndaryn-aldap-aksha-alyp-kelgen_a3893618

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел адамның мәйіті табылды

Келесі жаңалық

Түркістанда жасанды көл салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі