Түркістанда жасанды көл салынып жатыр. Жасанды көлдің аумағы (56 000 м3) қазылып, тіреуіш қабырғалы жағалауы бетон құю жұмыстарына дайындалып жатыр. Бұл көл Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар. Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылысын аралап көрген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыстарды мерзімінде бітіру керектігін тапсырды.