Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында егін мен бау-бақша шаруашылығынан бөлек мал шаруашылығы да өркендеуде. 

1 февраля, 2022
in Ауыл
0
Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сонымен қатар оның тұқымын асылдандырып, бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар да көбейіп келеді. Соның бірі – Ақжар ауылдық округінде орналасқан «Аскарова» шаруа қожалығы.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мал шаруашылығын дамытуды қолға алған шаруа қожалығының жетекшісі жеке кәсіпкер Гүлнар Асқарованың мал қорасында бүгінгі таңда 130 бас бұқасы бар. Шаруа қожалығына былтыр сәуір айында алып келген ірі қара мал бүгінде бордақыланып, ет беруге дайын тұр. Асыл тұқымды бұқа 250 келіге дейін өнім береді. Биыл шаруа қожалығы 4 тоннаға жуық ет өнімін алуды жоспарлап отыр.

Жалпы аумағы жарты гектарды құрайтын мал бордақылау алаңы 200 басқа арналған. Мұнда арнайы бекітілген малшылар ірі қара малды күтіп баптау жұмысымен айналысуда.

Бүгінде мал шаруашылығын асылдандыру бағытында аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Жеке қожалықтар селекциялық асылдандыруға ерекше ден қойып, жаңа мал тұқымдарын шығаруға күш салуда. Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру арқылы ет өніміне деген сұранысты қамтамасыз етуге болатынын түсінген шаруа қожалықтарының басым бөлігі осы бағытты қолға алып, дамытып жатыр.

Сарыағаш ауданында 2021 жылы жалпы 15035 тонна ет өнімі және 52894 тонна сүт өнімі өндірілді.

 

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте эпиджағдай тұрақтала бастады

Келесі жаңалық

Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй саны артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі