Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте эпиджағдай тұрақтала бастады

1 февраля, 2022
in Денсаулық
0
Шымкентте эпиджағдай тұрақтала бастады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте эпиджағдай тұрақтала бастады, деп хабарлайды.

Шымкент қаласында 31 қаңтар күні 40 адамнан коронавирус анықталды. 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 582 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 301 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 135 төсек орын бар, 40 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 332 адам вакцина алды. (I компонент- 152, II компонент- 180). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 473 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 143 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 39 300 адам, II компонентін 15 328 адам қабылдады. 91 145 адам ревакцинацияланды. «Жағдай жақсара бастағанымен, босаңсуға болмайды» — дейді дәрігерлер.

Сондықтан, сантитарлық талаптар қатаң сақталуы қажет. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы №5 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандардың жұмыс тәртібіне біршама шектеулер бар.

Мәселен, театрлар, концерт залдары, филармониялар, кинотеатрлар, бильярд, лоторея клубтар, цирктер, түнгі клубтар, ойын клубтар, караоке залдарына тыйым салынады. Ал, «Ashyq» жобасына қатысатын болса, белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылған және халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені пайдалану талаптары қатаң сақталуы керек.

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда жасанды көл салынып жатыр

Келесі жаңалық

Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі