Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Биыл Бәйдібек ауданында 8 канал механикалық тазалаудан өтеді

8 февраля, 2022
in Ауыл
0
Биыл Бәйдібек ауданында 8 канал механикалық тазалаудан өтеді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша тындырымды істер қолға алынуда. Өткен жылы аудан аумағындағы қолданыстағы 30 каналды механикалық тазалаудан өткізу үшін су өткізу қабілеті мен қазіргі жағдайы зерделеніп, арнайы арнайы іс-шара жоспары бекітілген. Әрбір каналдың суландыру қуаттылығына сәйкес арнайы түзілген жоспар бойынша кезең-кезеңімен аудандық бюджет есебінен тоспалар қойылып, механикалық тазалау жұмыстары қолға алынуда.
2021 жылы «Бәйдібек су шаруашылығы» МКК меншігіндегі жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 3 каналдың (Жыланды, Марата, Көкарық) бойындағы 19,7 шақырым ұзындығына кезең-кезеңімен механикалық тазалау басталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Биыл Бәйдібек ауданындағы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 8 каналдың (Тұтарық, Қабыл, Сарқырама, Қарақожа, Қосарық, Кәрітоған, Ақтас, Бозарық) бойындағы 49,8 шақырымына кезең-кезеңімен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіледі. Осы жұмыстарды іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы 2384 гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз ету қабілетін жақсартып, қосымша 449 гектар жерді қайта айналымға қосу жоспарланып отыр.
Одан бөлек, Алғабас ауылдық округі, Шақпақ елді мекеніндегі «Бозарық» каналына үш жерден шлюз орнатуға, Бөген ауылдық округі, Сарқырама елді мекеніндегі «Сарқырама» каналына үш жерден шлюз орнатуға, Ақбастау ауылдық округі, Кеңес елді мекеніндегі «Тоқтауыл» каналына бір жерден шлюз орнату үшін аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданған.
Түркістан облысы

Алдыңғы жаңалық

Әрбір жоба тұрғындар үшін тиімді болу керек

Келесі жаңалық

Түркістанның өнімі-мәскеу көрмесінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі