Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанның өнімі-мәскеу көрмесінде

8 февраля, 2022
in Мәдениет, Экономика
0
Түркістанның өнімі-мәскеу көрмесінде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Мәскеуде азық-түлік, сусындар мен оларды өндіруге арналған шикізат өнімдерінің «ПРОДЭКСПО-2022» 29-шы халықаралық көрмесі басталды. Бұл көрме азық-түлік тақырыбындағы әлемдік ірі байқаулардың ондығына кіреді. Дәстүрлі түрде онда әлемнің түкпір-түкпірінен азық-түлік тауарларын өндіретін компаниялар таныстырылады. Базалық өнімдер мен сусындардан бастап таңдаулы деликатестерге дейін, сондай-ақ салауатты өмір салтына арналған органикалық, спорттық тағамдар, халал және экзотикалық өнімдер ұсынылады.
Қазақстан Республикасының тауарөндірушілері қатарында Түркістан облысы атынан «Dala-Fruit.KZ ЖШС» компаниясы да өз өнімдерін алып барды. Бұл компания сапалы әрі тікелей сығылған табиғи шырындар шығарады.
Көрме күндері (7-11 ақпан) қазақстандық компаниялардың ресейлік сауда желілерімен, дистрибьюторлармен және көтерме-сатып алу компанияларымен B2B кездесулері өткізіледі.
Түркістан облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қарашада 467,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 8,5% — ға жоғары (431,2 млн. АҚШ). 11 айда Түркістан облысынан Ресейге жолданған экспорт көлемі 2021 жылы 359,8 млн. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысынан Ресейге негізінен табиғи уран және оның қосылыстары, спирт тұнбалары, трансформаторлар, күркетауық еті мен бақша өнімдері экспортталады.
Түркістан облысы

Алдыңғы жаңалық

Биыл Бәйдібек ауданында 8 канал механикалық тазалаудан өтеді

Келесі жаңалық

Шымкентте 104 көше жарықтандырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі