Абай ауданы Құрсай шағын ауданы 140 гектар аумақта орналасқан. Онда қазір 7 562 халық мекендейді. Шағын ауданға қоныстанушылар саны артқан соң жаңа жер телімдеріне үй салына бастаған. Қазір Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына №282 және 283 орамдар кіреді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде елді мекенді коммуналдық және инфрақұрылыммен қамту кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асуда.
💡Құрсайдың орталығы электр жарығымен толық тартылған. Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамды сапалы электрмен қамту үшін биыл жобалық сметалық құжат әзірленеді. Ал, 283 орамға электр тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
🚰Шағын аудан орталығының ауыз сумен қамтылуы 80 пайыз. Қазірде қалған бөлігі мен 282, 283 орамдарға сапалы су жеткізу үшін 2021 жылы «Реолит» ЖШС құрылыс жұмысын бастаған. Пайдалануға беру мерзімі осы жылдың соңына дейін жоспарланған.
🔥Құрсайдың орталығы табиғи газбен толық қамтылған. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін 2022 жылы жобалық сметалық құжат әзірленеді.
🛣️Өткен жылы Құрсайда екі көшеге шағал тас төселді. Биыл тағы 7 көшеге тас төселіп, екі көше асфальттанады. Сонымен қатар, 2022 жылы Жеті жар көшесі мен З.Сатқанбай көшесіне жарық шамы орнатылады.
🏥Құрсайда ең өзекті болып табылатын емхана мәселесін инвестор тарту арқылы шешу көзделген.
🛰️Сапалы интернет бойынша «Кар-Тел» компаниясының базалық станциясы орнатылды. Цифрландыру басқармасы тарапынан №49 мектеп маңына антенна-матчталық құрылғысы қойылып, байланыс операторлары базалық станцияларын орнатуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі