Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында көлемі 100 футбол алаңынан асатын баспана берілді

18 февраля, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
Түркістан облысында көлемі 100 футбол алаңынан асатын баспана берілді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

2021 жылы Түркістан облысында барлық қаржыландыру көздерінен 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең. Жоспар 790 мың шаршы метр болатын. Артығымен орындалды. Жыл соңында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылды. Сонымен бірге 610 отбасы үйлі болды, оның 470-і – көпбалалы ана. Жалпы түрлі бағдарламалар және нақты сатып алу арқылы жүздеген отбасы жаңа баспанаға кірді.
Қазіргі таңда өңірде құрылыс қарқыны жоғары. Әсіресе Түркістан қаласында тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығы және өзге де аумақтардағы тұрғын үйлердің құрылыс барысын қадағалап, мердігерлермен кездесті.
Тұрғын үйлердің инфрақұрылымы, электр, жылу жүйесі талапқа сай болуы керектігін айтқан өңір басшысы құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұрғанын ескертті.
– Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан осы салаға жауапты басшылар мен мердігерлер үйлерді талапқа сай етіп салулары керек. Ел сенімін ақтау – парыз, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Биыл Түркістан облысында 10 мыңдай отбасы баспаналы болады. 836,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Дәлірек айтсақ, барлық қаржыландыру көздерінен 220 үй бой көтермек.
Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде 45 мыңнан астам азамат тіркелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___

Алдыңғы жаңалық

Құрсай 2022 жылдың соңында сапалы сумен қамтылады

Келесі жаңалық

Онлайн қабылдау: халықтың сенімі қымбат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі