Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Онлайн қабылдау: халықтың сенімі қымбат

19 февраля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
Онлайн қабылдау: халықтың сенімі қымбат
0
SHARES
36
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков апта соңында кезекті онлайн қабылдауы өтті.
Әкім орынбасарының қабылдауында болған тұрғындардың бірі –Алмагүл Кенжетаева. Ол бүгінде екі ерекше бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Е.Білісбековке бұған дейінгі қабылдау нәтижелері бойынша бірқатар өзекті мәселелерінің оң шешімін тапқанын айтып, алғысын білдірді. Алмагүл Кенжетаева бұл жолы тұрғын үймен қамту өтінішін жеткізді. Балаларының тиісті санаты бойынша 2018 жылы тұрғын үйге тіркелген кезегі келмеген. Мүмкіндігі шектеулі перзенттерінің тауқыметін тартқан ана осыдан 5 жыл бұрын «Рахмет саған, Анашым!» қоғамдық бірлестігін құрған. Жалғыз баспанасын сол кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайды. Сол шаңырақта бүгінде 20-ға жуық он сегіз жастан асқан мүгедектерге жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Орталықта мүгедек жандардың аналары да жұмыс атқарады.Қабылдау барысында әкім орынбасары ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер тек белгіленген тәртіп негізінде кезекпен берілетінін айтты. Қала тұрғыны берілген жауапқа түсіністікпен қарап, кезек ретін күтетінін жеткізді. Ерғали Білісбеков бұл жұмада да 30-ға жуық адамды қабылдап, өтініштерін тыңдады. Әр азаматқа сұрақтары бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында көлемі 100 футбол алаңынан асатын баспана берілді

Келесі жаңалық

Equrylys: құрылыстың ашықтығы бақылауда болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі