Понедельник, 8 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Алау берген «Ақ жолға» алғысымыз зор

20 февраля, 2022
in Ауыл, Жаңалықтар, Әлеумет
0
Алау берген «Ақ жолға» алғысымыз зор
0
SHARES
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылы «Келестік» ардагерлер «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевқа «Біртілек» селолық округіне газ құбыры жүргізілсе деген тілегін жеткізген болатын.

Осы мәселе бойынша «Ақ жол» партиясының депутаттары 2020 жылдың 16 қарашасында ақысы төленсе де Түркістан облысының ауылдары мен мектептеріне көгілдір отынның жетпегені туралы депуттаттық сауал жолдады.
Ас-суын отын жағып әзірлеп, үйін көмірмен жылытып отырған «Біртілек» ауылының тұрғындары бүгінде «ақжолдықтардың» бастамасымен табиғи газға қолдары жетіп отыр.
Оңтүстік өңірге іс-сапармен барған халық қалаулылары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Келес ауданының қарияларымен тағы кездесті.

Кездесуде аудан халқы күрмеуі шешілмеген бірнеше проблеманы көтерді. Тұрғындардың айтуынша округ көшелерін жарықтандыру мәселесі шешілмеген.
– Жерді тыңайту үшін қолданылатын силитраның бір қабы 15 000 теңге тұрады. Егістіктен мол өнім алу үшін осы тыңайтқышты қолданамыз. Шығын шаш етектен асады. Алқаптан жинайтын өнімді арзан бағада сата алмай отырмыз, – дейді дихандар.
Сонымен бірге, Өзбекстаннан келетін ағын суға да егіншілер қол жеткізе алмай отыр.  Елді мекенде құрғақшылықтың салдарынан, егістік тұралап тұрғанын да жеткізді.
Ауыл тұрғындары айтқан мәселелер:

Ауылға су жетпейді;
Зейнет жасын азайту;
Несие пайызын кеміту;
Азық-түлік бағасының қымбаттығы;
Көшелерді жарықтандыру;
Тыңайтқыш дәрілер бағасының қымбаттығы;
Науқастар үшін портал мәселесінің қиындығы;

– Осы мәселер де халықтың талабына қарай шешілсе, құба-құп болар еді, – дейді «келестіктер».

Алдыңғы жаңалық

Equrylys: құрылыстың ашықтығы бақылауда болады

Келесі жаңалық

Жаңарған аллея көңілге қуаныш сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі