Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Жаңарған аллея көңілге қуаныш сыйлады

20 февраля, 2022
in Ауыл, Білім, Мәдениет, Қоғам
0
Жаңарған аллея көңілге қуаныш сыйлады
0
SHARES
57
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мектеп жанындағы Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мүсінінің айналасы өңірдегі «ақжолдық» депутаттардың демеушілігімен қайта жаңартылды.

Бүгінгі шара барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, тал екті.

Жиынға жиналғандар мектеп ішінде  ақынның атына ашылған электронды кітапханасымен  де танысып шықты. Сонымен бірге, халық қалаулылары естелік қолтаңба қалдырып, мектептің жұмысына оң бағасын берді.

– Алаш қайраткерлерінің еңбегі әсіресе жас буынға үлкен өнеге болсын. Келешек ұрпақ біздің бейбіт күндерімізді, Тәуелсіздігімді қадірлеп жүре берсін, – деді Азат Перуашев.

Жиын соңында депутаттар 50 оқушыға мектеп формасы үлестірді.

– Бұл алаңшаның ашылғаны мектеп оқушылары үшін жақсы болды. Біздер күн жылынса, барлық іс-шараларды осы аллеяда өткіземіз. Өйткені, Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновты кейінгі ұрпаққа айту, шығармашылығын насихаттау біздің басты міндетіміз, – дейді мектеп директоры Гүлмира Саурбаева.

Аталған мектеп 1974 жылы 624 оқушыға салынған. Білім ошағы ашылғанда 2000 оқушы қазақ, орыс сыныптарында білім алған болса, қазір тек қазақ тілді 900 оқушы білім нәрімен сусындауда. Сондай-ақ, мектепте 84 мұғалім жұмыс істейді. 50 жылға жуық тарихы бар мектептің бұрынғы атауы А.С. Пушкин болған екен.

Алдыңғы жаңалық

Алау берген «Ақ жолға» алғысымыз зор

Келесі жаңалық

Халық қалаулылары шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі