Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Қамаудан босаған жігіттің анасы «Ақ жолға» алғыс айтты

20 февраля, 2022
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
Қамаудан босаған жігіттің анасы «Ақ жолға» алғыс айтты
0
SHARES
151
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына жасаған іс-сапарын Шардара ауданында аяқтады.

Халық қалаулылары шардаралық тұрғындармен кездесті. Басқосу барысында “Қаңтар оқиғасынан бастап, аудандағы күрмеуі шешілмеген мәселелерге дейін сөз болды.

Шардаралық Сүндет Түрікпен қаңтар оқиғасында жараланып, Алматыдағы СИЗО-18-ге қамауға алынады. Ата -анасы мен туыстары Қазыбек Исаға хабарласып, көмек сұрайды. Нәтижесінде “Ақ жол” партиясының фракция мүшелері Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдап, жазықсыз қамалған Сүндетті СИЗО-дан шығарады.

Тергеу барысында Сүндеттің заң бұзушылыққа ешқандай қатысы жоқтығы дәлелденеді. Қазіргі таңда ол үйінде емделіп жатыр. Жас жігіттің жақындары Шардарада өтетін кездесуге арнайы келіп, Қазыбек Жарылқасынұлына және «Ақ жол» фракциясына алғыстарын білдірді.

“Толқып тұрмын. Сіздерді келеді дегенді естіп, осында ұшып келдім. Орта білімнен басқа білім алмағанмын. Басымызға осындай іс түскенде қайда барамын деп ойладым. Жеңгемнің көмегімен, “Ақ жолдық” депутаттарға байланысқа шығып, өз өтінішімізді айттық. Балам жаралы болғанымен, бастысы жанымызда. Көмек бергендеріңізге шын жүрекпен алғыс білдіремін”,- деді Сүндеттің анасы Гүлшат Қамысбаева.

Жиында бұдан бөлек, Шардаралық шаруалар мынадай өтініш айтты:
— судың тарифы тұрақтандыру;
— тыңайтқыштар мен дизельдік отын бағасын арзандату;
— шалғайлық пен логистика мәселелері;
— сойылған малдың терісі мен жүнін пайдаға асыруды реттеуді сұрады.

Шардара ақын, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның туған жері.
Өткен жылы қаламгерге облыстың құрметті азаматы атағын берген болатын. Соны жиын соңында табыстады.

Алдыңғы жаңалық

Халық қалаулылары шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Келесі жаңалық

Көкпардан өткен аламан жарыстың жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі