Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Samsung смартфондарының иелері Түркістандағы 5G желісіне қосыла алады

21 февраля, 2022
in Uncategorized, Хабарландыру
0
Samsung смартфондарының иелері Түркістандағы 5G желісіне қосыла алады
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Samsung смартфондарының иелері Түркістандағы жаңа буын 5G желісіне қосыла алады. 5G желісіне қосылған абоненттер лимитсіз интернетті пайдаланады. Желіге қосылған кезде трафик автоматты түрде жаңартылып, нөлден басталмақ.

«Kcell» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістанда Samsung Galaxy S21, Samsung Galaxy S21+, Samsung Galaxy S21Ultra телефон үлгілерінің иелері 5G желісіне қосыла алады. Компания алдағы уақытта 5G-ге қосылу мүмкіндігі бар смартфондардың, соның ішінде Samsung телефондарының тізімі ұлғаятынын хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағындағы ең үлкен 5G желісі Түркістан қаласында қолжетімді. «Kcell» компаниясы өткен жылдың желтоқсан айында қаланың маңызды стратегиялық және туристік нысандарына 8 outdoor-станция орнатып, жаңа буын желісін іске қосқан болатын. Олардың қатарында қала әкімдігі, «Конгресс холл», «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы бар.

Outdoor жобадан басқа әуежай, «Kcell» абоненттік бөлімі, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда indoor-сайттар қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Kcell» компаниясы «Apple iPhone» телефондарын Түркістандағы 5G желісіне қосу бағытындағы жұмысты күшейтіп, бағдарламаны тестілеуден өткізіп жатыр.
Айта кету керек, Xiaomi, Oppo, Realme, Vivo және Huawei сынды қытайлық өндірушілердің смартфондары Түркістанда былтыр 5G жұмысын бастаған кезде желіге қосылу мүмкіндігіне ие болған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Алдыңғы жаңалық

Шалғай елдімекендер сапалы жарықпен қамтылуда

Келесі жаңалық

Келесте 80 млн. теңгенің спорт кешені бой көтерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі