Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Келесте 80 млн. теңгенің спорт кешені бой көтерді

21 февраля, 2022
in Спорт
0
Келесте 80 млн. теңгенің спорт кешені бой көтерді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округінде құны 80 млн. теңгені құрайтын спорт мектебі бой көтерді. Аталған нысанға Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев арнайы барып, спорт нысанының мүмкіндіктерімен танысты.

Мемлекеттік әріптестік — жекеменшік бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында салынған ғимарат құрылысы өткен жылы бастау алған болатын. Мектеп жалпы 5 спорт түрімен жастарды спортқа баулуды көздеп отыр. Олар: шахмат, бокс, қазақ күресі, қол күресі және үстел теннисі. Екі қабатты ғимарат ішінде жастардың спортпен шұғылдануы үшін бар мүмкіндік жасалған. Атап айтсақ, қыс мезгілінде жылы еден, ішкі әжетханалар мен жуыну бөлмелері қаралған. Сонымен қатар заманауи үлгідегі спорт жабдықтары да ауыл жастары үшін қызметке сай тұр. Спорт мектебі басшысының айтуынша, бапкерлер жергілікті ауылдық округі аумағынан тартылады екен.

— Бұл спорт мектебін соғудан мақсатымыз — ауыл жастарын спортқа баулып, чемпиондарды дайындап шығару. Осындай ғимараттарды ауданымыздың әр ауылынан ашуымыз керек. Себебі чемпиондар ауылда жүр. Соларға жол көрсетсек, еліміздің атын әлемдік додаларда шығаратынына күмәнім жоқ, — дейді Алпамыс батыр спорт мектебінің басшысы Нұржан Мамешов.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Samsung смартфондарының иелері Түркістандағы 5G желісіне қосыла алады

Келесі жаңалық

Қоғамдық көлік қызметіне мониторинг жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі