Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Мәжілісмендер Түркістан облысының бас полицейімен кездесті

25 февраля, 2022
in Cаясат, Қоғам
0
Мәжілісмендер Түркістан облысының бас полицейімен кездесті
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент Мәжілісінің депутаттары  Серік Ерубаев,  Дүйсенбай Тұрғанов пен Ильяс Буларов Түркістан облысының бас полицейімен кездесті.  Басқосу барысында мәжілісмендер Полиция департаментінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысып шықты.

Департаментінің қазіргі ғимаратындағы жұмыс істеп тұрған Жедел басқару орталығында болды. Мұнда ішкі істер органдарын цифрландыру, сервистік полиция моделі бойынша Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Яғни,  сервистік полиция аясында жасалып жатқан жұмыстардың жай-күйі мен стационарлық пунктердің қызметін, қылмыстың азаюы мен болдырмауға байланысты жасалып жатқан жұмыстарды бақылады. Сондай-ақ,   департаменттің Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары туралы да толық мәліметтер айтылды.

Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 102-ге 4000-ға жуық хабарлама тіркелген. Ал, бейнебақылау камераларымен 5306 әкімшілік құқық бұзушылық пен 10 қылмыс ізі суымай ашылған. Сервистік полиция аясында іске қосылған «SOS» батырмасына тұрғындардан 250-ге жуық хабарлама түскен.

Сонымен қатар, мәжіліс депутаттары қала, аудандардағы мектептерге орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысымен танысты. Түркістан қаласының да көше  қиылыстарында орналасқан камералардың   құқықбұзушылықты қалай анықтайтынын, анықталған соң неше уақытта шара қолданылатынын бақылады.

Одан кейін Полиция департаментінің мәжіліс залында басқарма, бөлім басшыларымен кездесті. Ал,  облыстағы аудандық полиция құрылымдарының басшылары бейнеселекторлық режимде қатысты.

Арнайы жиын департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен өтті. Облыстың бас полицейі Түркістан облысында қылмыс пен құқықбұзушылықты одан әрі де азайту, ашылу көрсеткіштерін жоғарылату бойынша жұмыстар  жүйелі атқарыла беретінін жеткізді.

Жиында штат санын көбейту, облыста Ұлттық Ұланның бөлімшесін құру, полицияның сервистік моделіндегі жұмыстарды одан әрі де күшейтуге ұсыныстар айтылды. Мәжіліс отырыстарында аталған мәселелердің қаралуын және полицейлерге  қолдау білдіру қажеттілігін жеткізді.

Жиын соңында халық қалаулылары: «Ішкі тыныштықты сақтайтын полиция қызметкерлері, сондықтан,  сіздерге артылар жүк аз емес. Ендеше әрқашан елге адал қызмет ете беріңіздер. Елдің қорғаны болудан шаршамаңыздар. Қиын қызметтеріңізге сәттілік тілейміз» деген тілектерін жеткізді.

Tags: бас полицейДүйсенбай ТұрғановИльяс БуларовМұрат ҚабденовМәжілісмендерполиция генерал-майорыСерік ЕрубаевТүркістан облысы
Алдыңғы жаңалық

Қайнарбұлақ саяжайының инфрақұрылымы шешімін тауып келеді

Келесі жаңалық

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының активімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі