Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте әр шағын ауданның өз емханасы болады

7 апреля, 2022
in Денсаулық, Қоғам
0
Шымкентте әр шағын ауданның өз емханасы болады
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 2025 жылға қарай бастапқы медициналық-санитарлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың орнына әр шағын аудан мен тұрғын алаптың өзінің толыққанды емханасы ашылады.
Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Қазір Шымкентте көптеген елді мекендерде бастапқы медициналық-санитарлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Тұрғындар бейіндік дәрігерлерге қаралу немесе анализдер тапсыру үшін орталықтағы емханаларға баруға мәжбүр. Біз жеке инвесторлардың есебінен емдеу мекемелерін көбейтіп жатырмыз. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай дәрігерлік амбулаториялардың орнына әр шағын аудан мен тұрғын алаптың өзінің толыққанды емханасы ашылады. Онда барлық бағыттар бойынша бейіндік дәрігерлер мен заманауи медициналық құрал-жабдықтар болады және өз зертханалары жұмыс істейді. Емханаға түсетін жүктеме азаюының арқасында медициналық қызметтің сапасы да жақсарады, – деді М.Әйтенов.
Шаһар басшысының айтуынша, келесі жылы Шымкенттегі Бозарық елді мекенінен жеке инвестордың қаржысына 1 000 төсек орынды үлкен аурухананың құрылысы басталып, ол да 2025 жылға қарай іске қосылады.
–Мұндай аурухана әзірге тек біздің қалада ғана емес, бүкіл республикада жоқ. Ол 1 мың төсек орынды, көпбейінді аурухана болады. Онда ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар орнатылады. Инвестор елдегі ең білікті дәрігерлерді топтастыруды, сондай-ақ, шетелдер де білікті дәрігерлер алдыруды жоспарлап отыр. Мұндай аурухана Шымкентті медициналық туризмнің орталығына айналдырады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 6.2 миллиард теңге жұмсалған. Сондай-ақ, қалада жаңадан 1 мемлекеттік және 4 жекеменшік клиникалар ашылды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыстың 87,5% техникалық мамандықтарға берілді

Келесі жаңалық

Шымкенттегі өнеркәсіптік аймақтар 36 миллиард теңге салық төлеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі