Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкенттегі өнеркәсіптік аймақтар 36 миллиард теңге салық төлеген

7 апреля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкенттегі өнеркәсіптік аймақтар 36 миллиард теңге салық төлеген
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жұмыс істеп тұрған 1 арнайы экономикалық, 2 индустриалды және 1 көлік-логистикалық аймақта 123 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Аталған аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын тартуға бюжеттен бөлінген әр теңгеге 22 теңгеден инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде бұл зауыт-фабрикалар мемлекеттік бюджетке 36 миллиард теңгеден астам салық төлеген.
Бұл туралы Базарқақпа тұрғын алабында Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездескен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
— Республикада бірінші болып Шымкенттегі барлық өнеркәсіптік аймақтардың аумағы кәсіпорындарға толды. Осыған байланысты жаңадан 3 индустриалды аймақ ашуды қолға алдық. Олар «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» индустриалды аймақтары. Мәселен, «Жұлдыз» индустриалды аймағының аумағы 309 гектарды құрайды. Қазір мұнда үш кезең бойынша инженерлік инфрақұрылым желілері тартылып жатыр. Бұл аймақта 60 заманауи зауыт-фабрикалар ашу жоспарланған. Бүгінде нақты 25 инвестиция жоба анықталған болса, оның ішінде 10 кәсіпорынның құрылысы басталған, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, өткен жылы қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 пайызға артып, 710 миллиард теңгеге жеткен. Ал, қала экономикасына тартылған тікелей инвестицияның көлемі 2021 жылы 65 пайызға артып, 462 миллиард 100 миллион теңгеге жеткен.
Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап әкімдер тұрғындармен бұрынғыдай жылына 1 рет емес, әр тоқсан сайын кездеседі. Соған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сәуір айында шаһардағы 4 ауданның әрқайсысында 3 рет есеп беру кездесуін өткізеді.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте әр шағын ауданның өз емханасы болады

Келесі жаңалық

Қала әкімі еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі