Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Қаламгерлер жылды қорытындылады

11 мая, 2022
in Білім, Мәдениет
0
Қаламгерлер жылды қорытындылады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Бүгін Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалы әдеби жыл қорытындысын өткізді. Әлемді дендеген пандемияның салдарынан бірер жылдан бері үзілген үрдісті қаламгерлер қауымы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қайта жаңғыртты.
Әдеби жыл қорытындысына арналған жиынға жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Дәркен Танабайдың айтуынша, кейінгі үш жылда 30-дан астам кітап жарық көрген.
— 18 мамырда Алматыда Қазақстан жазушылар одағының жиыны өтпек. Осыған орай, біз қалалық филиал мүшелерінің басын қосып, қолға алған шаруаларымызды пысықтауды жөн көрдік. Өткен жылы марқұм Жеңіс Баһадүр ағамыз көзі тірісінде құрған жоспарына сәйкес бірқатар жұмыс атқарылды. Алда атқарылатын да іс-шаралар жетерлік. Қуантарлығы сол, ақын-жазушыларымыз пандемияға қарамастан 30-дан астам еңбекті жарыққа шығарды. Сонымен қатар, жазушы Еркінбек Тұрысов ағамыздың 95 жылдығына орай ескерткіш тақта қою жоспарланған. Ал, бүгін ақын жазушыларымыздың еңбектеріне жергілікті жоғары оқу орындарында қызмет ететін, жазушылар одағына мүше ғалымдарымыз талдау жасап отыр, -дейді Д.Танабай.
Жиын барысында филология ғылымының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова өңірдің прозалық шығармаларына талдау жасады. Оның айтуынша, кейінгі бес жылда жарық көрген еңбектердің ішінде прозалық шығармалардың үлесі аз. Мәселен, «Рухани жаңғыру» сериясымен жарық көрген 10 томдықтың 5 томына ғана прозалық шығармалар енген. Одан өзге М.Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан», М.Әбдәкімұлының «Зобалаң», Н.Бегалыұлының «Қажымұқан қағанаты» еңбектері шоқтығы биік шығарма екені де аталды.
Ал, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Сапарбаева позиялық шығармаларды шолып шықты. Поэзияға қалам тербеп жүргендердің арасында жас буынның талпынысы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Сапарбаеваның айтуынша, өткен жылы Д.Айманбетовтың «Аялдама», С.Мадиярқызының «Шахмат» атты өлеңдер жинағы жарық көргенімен, таралымы аз екенін, орталық кітапханаларға түспегенін тілге тиек етті.
— Әдеби шығармаларды, жаңадан шыққан кітаптарды кәсіби ортада талдау, саралау соңғы кездері кемшін еді. Бүгінгі баяндамашылардың ақын-жазушылардың тіліне, стиліне ерекше талдау жасағаны, еңбектенгені, ізденгені қуантады, — деді М.Байғұт.

Алдыңғы жаңалық

Медицина саласын дамытуда жүйелілік басты назарда

Келесі жаңалық

Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі