Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді

11 мая, 2022
in Білім
0
Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баспасөз брифингі өтті.
Шымкент қаласының білім басқармасы жалпы орта білім беруді және тәрбие жұмыстарын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлнара Дәрібаева биылғы өзгерістерге тоқталып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының барысын баяндады.
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында онлайн түрде жүргізілуде. 2021-2022 оқу жылында қалада 11 189 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның ішінде, 7 621 оқушы — қазақ тілінде, 2089 оқушы — орыс тілінде, 1479 оқушы — өзбек тілінде білім алады. ҰБТ тапсыруға ниет білдіргендер саны — 7973.
— Жалпы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін тестілеуге 8 мыңға жуық талапкер қатысады деп күтілуде. Талапкерлер үшін жақсы жаңалық — биыл ҰБТ-ны 2 рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Соның ішінде ең жоғары ұпайы арқылы оқуға түсуші мемлекеттік грант тағайындау конкурсына қатыса алады. Бұл ретте бейінді пәндер ауыспауы керек және екі мүмкіндікте де заң талаптарын бұзбауы тиіс.
Жалпы тестілеу «1 тестіленуші — 1 компьютер — 2 камера» қағидасы бойынша компьютерлермен жабдықталған U-STUDY аймақтық тестілеу орталықтарында өтеді. Ал тестілеуді өткізу форматында өзгеріс жоқ, — деді Гүлнара Тұрдыбайқызы.
ҰБТ ағымдағы жылы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Шымкент қаласындағы барлық 3 «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығында санитарлық талаптар сақталған.

Алдыңғы жаңалық

Қаламгерлер жылды қорытындылады

Келесі жаңалық

Шымкентте халықаралық балалар хирургтарының форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі