Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте озат оқушылар марапатталды

23 мая, 2022
in Білім
0
Шымкентте  озат оқушылар марапатталды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік озат оқушылар марапатталды деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкентте жүзден жүйрік шыққан Шымкенттік дарынды балалар бас біріктірді. Жиында жыл бойы жеткен жетістіктері сараланып, 300 шәкірттің еңбегі бағаланды. Осы оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 8 мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп» номинациясы бойынша Республиканың 100 үздік мектеп қатарына қосылды. Фестивальға Шымкент қаласының 2021-2022 оқу жылындағы республикалық шығармашылық оқулардың және жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Жиынға арнайы келген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан саңлақ шәкірттерге сәттілік тіледі. Айта кетейік, мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен оқушыларды, балаларды қолдауға арналған түрлі іс-шаралар қолға алынған. Көптен бері алғаш реті 150 мың жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, оған қоса, 60 мың оқушыға арналған тегін үйірмелер жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы сіздер сапалы білім алу үшін арналған. Себебі, оқушылар, жастар неғұрлым білім алып, дамыса, еліміз де соғұрлым дамиды. Сіздердің табыстарыңыз – мемлекеттің табысы! – деді Шымент қаласы әкмінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы. Жиында бұдан кейін білімімен, дарынымен, өнерімен топ жарып жүрген оқушыларға қала әкімінің алғыс хаттары мен грамоталар, сыйлықтары табыс етілді. Олар – республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиалар мен басқа да сайыстардың жеңімпаздары. Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкенттің 500-ден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Салтанатты жиынға 300-ге жуық оқушы қатысты.

Алдыңғы жаңалық

21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Келесі жаңалық

Сенат депутаттары жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі