Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Сенат депутаттары жастармен кездесті

23 мая, 2022
in Билік, Мәдениет
0
Сенат депутаттары жастармен кездесті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаттары жастармен кездесті деп хабарлайды saraptimes.kz. Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті. Жастармен кездесуге келген Сенат депутаттары жуырда Қазақстан қоғамында болатын саяси оқиға – жалпы халықтық референдумға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға кеңіннен түсіндіріп өтті. Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат өткен. Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді. – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев. Сондай-ақ, Әлімжан Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды. Жиын соңында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаевқа жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаевтың Шымкентке жасаған сапары жалғасатын болды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте озат оқушылар марапатталды

Келесі жаңалық

Шымкентте биыл 348 шақырым жол жөндеуден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі