Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

«Тассай» индустриялық аймақтағы жаңа жобалар

27 мая, 2022
in Экономика
0
«Тассай» индустриялық аймақтағы жаңа жобалар
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Тассай» индустриялық аймақтағы жаңа жобалар
Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылады. Бүгін құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындарды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Әуелі мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясына барды. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт келесі жылдың ортасына дейін аяқталып, іске қосылады. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылған. Кәсіпорын жылына 10 бірлік өнім шығарады. Жобаның жалпы құны 750 млн теңге. Кәсіпорын іске қосылып, пайдалануға берілсе 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Одан кейін медициналық зертханаға қажетті вакум түтіктерін өндіретін «Экофарм Интернейшнл» ЖШС-ін аралады. Құрылысы 2019 жылы басталған жобаның І кезеңі аяқталған. 2023 жылы пайдалануға беріп, іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 70 млн дана медицинаға қажетті құрал өндіруге қауқары жетеді. Сондай-ақ, 200 адамды тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие.

Келесі нысан медициналық зертхана жабдығын өндіретін «Bio Etica» және «Про-Тек-МП» бірлескен ЖШС. Жылына 1 млн дана жабдық шығаратын зауыттың құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы орындалған кәсіпорын осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Аумағы 0,25 га жерге орналасқан жобаға 125 млн теңге қаржы тартылған.

– Қалада өндіріс орындарының көп болғаны өте маңызды. Кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Енді іске қосылғалы тұрған осы кәсіпорындарға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймақтан жер бөлінген болатын. Бұдан да өзге мәселелерді бірлесіп шешуге дайынбыз, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Алдыңғы жаңалық

Биыл «жастар бағдарламасы» аясында 857 пәтер үлестіріледі

Келесі жаңалық

Қала әкімі жаңа кәсіпорындарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі