Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

«Шымкент жастар лигасы»: баскетболдан жеңімпаз команда анықталды

28 мая, 2022
in Спорт
0
«Шымкент жастар лигасы»: баскетболдан жеңімпаз команда анықталды
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында спорт бәсекелері жалғасуда. Бүгін З.Косодемяньская атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушылар арасында баскетбол ойындарының финалдық кезеңі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М. Шотанов финалдық сынды тамашалап, жас спортшыларға қолдау білдірді. Баскетболдан додаға 122 команда, 1464 оқушы қатысып финалдық кезеңге 16 команда жолдама алған болатын. Ұлдар арасындағы дүбірлі дода аса тартысты өтті. Жеңіске жету үшін жас сайыскерлер бар күш-жігерін жұмсады. Қорытындысында, спорттық долада М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп — гимназиясы оқушылары жеңіске жетіп, лига жеңімпазы атанды. ІІ-орынға Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы үшінші орын алды. Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді. Айта кетейік, иұнда мектеп оқушылары спорттың төрт түрінен, яғни волейбол, баскетбол, футбол және шахматтан сайысқа түседі. Осылайша мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына баулитын біріншілікте ҚР чемпионаттарына команда жасақталады екен. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылатын «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен басталған «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА» барлығы 140 мектептен 536 команда қатысады. Қаратау ауданынында орналасқан мектептерден 149 команда шықса, Абай ауданынан 146 команда қатысады екен. Ал Еңбекші ауданынан 136 мектеп, Әл-Фараби ауданынан 105 мектеп қатыспақ. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 80 млн теңге. Осы 80 млн теңгені әр спорт түрінен жеңіске жеткен командаға бөліп береді. Сонда әрбір жеңімпаз командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі екен. Қаржылай сыйлық сол мектептің қажеттілігіне, материалды-техникалық базасын жақсартуға жұмсалмақ. Біріншілікті Шымкент қаласының Білім беру басқармасы мен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады екен.

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі жаңа кәсіпорындарды аралады

Келесі жаңалық

М.Әйтенов каналдардың жағдайын тексерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі