Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

30 мая, 2022
in Спорт
0
Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық іс-шара өтіп, оған 10 мыңнан астам жасты қатыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Өткізілетін спорттық бастамалардың 11-і «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі) өтетін жарысқа 2 мыңнан астам баланы жұмылдыру көзделген. Ал, Республикалық чемпионат деңгейінде 16 жарыс өтеді. Спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) ұйымдастырылмақ. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде. Қалған 23-і халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар. Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Аталған жарысқа 5 мыңға жуық бала қатыспақ. Басқарма өкілдері шымкенттік спортшыларымыз байрақты бәсекеде өз шеберліктерін көрсетіп, биіктерді бағындырар деген сенім білдіруде. Қазіргі таңда, денешынықтыру және спорт басқармасының сүйемелдеуімен қазір Шымкент қаласында «Аула чемпионаты» өтуде. Әр аптаның жексенбі күндері төрт аудан аумағында орналасқан спорт алаңшаларда «Аула чемпионаты» ұйымдастырылып жатыр. Бұл жарысқа 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түседі. Сонымен қатар, қала әкімінің бастамасымен жастарды бұқаралық спортқа баулу үшін «Шымкент жастар лигасы» ұйымдастырылды. Оған қаланың 4 ауданындағы 151 білім беру ұйымынан 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Байрақты бәсекеде оқушылар баскетбол, болейбол, футбол және интелектуалды шахматтан бақ сынады. Жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Жеңмпаз командаларға 20 млн теңгеден үлестірілді.

Алдыңғы жаңалық

Спорт алаңшаларда аула чемпионаты өтуде

Келесі жаңалық

Бүлдіршіндерге мерекелік сый тарту етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі