Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Бүлдіршіндерге мерекелік сый тарту етті

30 мая, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Бүлдіршіндерге мерекелік сый тарту етті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық концерті өтті. Іс-шара қала бойынша, үйде білім алатын ерекше балаларға арналған. Балғындарға арналған концертте жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. 1 маусам балаларды қорғау күніне орай ерекше оқуды қажет ететін бүлдіршіндерге арнап «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық шарасы өтті. Дәл сондай балғындардың бірі, бүгінгі кештің қонағы Нұрхаят Орумбаева қатарластары арасында өте белсенді. Өнер білімге деген құштарлығы ерекше қыз, бүгінгі концертке құр алақан келмепті. Концертте шымкенттік дарынды жастар мен студенттер, бүгінгі жиынның қонағы ерекше балаларға арнап өнер көрсетті. Олардың арасында, мың бұрала билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөлеген бишілер де бар. Концертке 180-ге тарта ерекше қамқорлықты талап ететін балалар келді. Әсем әуенге толы ерекше кешті тамашалап, бір марқайып қалған балапандардың ата-аналары, баласын осындай шараға арнайы шақырған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Шарапат Әліпберова, ата-ана: «Барлық балаларды мерекеде шақырып, көңілдерін көтергендеріңізге рақметімді айтамын. Қызымдың қазір жағдайы жақсы, концертті қуанып тамашалап жатыр, сіздерге көп рахметімді айтамын». Дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға «Жігер» , «Давайте расти» қоғамдық бірлестіктері мен №7 балаларды оңалту орталығының білім алушы бүлдіршіндері және ата-аналары шақырылған. Мұндай іс-шаралар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп, өмірге деген құлшынысын арттырады дейді мамандар. Камила Ишметова, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Бүгінгі өткізіліп жатқан іс шара біздің Шымкент қаласының тұрғындары, кішкентай жас балларға арналды. іс-шара Жастар ресурстар орталығы мен Айгүл ханымның қолдауымен өтіп жатыр. Біздің балаларымызға осындай ерекше күнде көңіл бөліп, көңілдерін көтеру мақсатында өткізіліп жатыр. біз 3 жастап бастап, 18 жасқа дейіңнгі балаларға әлеуметтік көмек көрсетеміз. Балалардың үйіне барып 8 түрлі қызмет көрсетеміз». Концертке келген балалардың қуанышында шек жоқ. Мереке иелеріне бүгінгі шараның демеушісі Айгүл Кеңесқызының атынан түрлі ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда қаладағы «Жігер» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында 130, № 7 оқу орталықта 158 бала әлеуметтік білім алады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

Келесі жаңалық

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі